ТМД елдерінің парламенттері экологияға қатысты бірқатар заңдарды қарады

    Жасыл планета 27 Oktabr 2022 2376

    27 октябрьде Самарқант қаласында ТМД ПА Аграрлық саясат, табиғи ресурстар және экология бойынша тұрақты комиссиясының мәжілісі өтті. Комиссия мәжілісі Өзбекстанда алғаш рет өткен ТМД Парламентаралық Ассамблеясының күзгі сессиясы аясында өтті.

    Парламент мүшелері «Экологиялық қауіпсіздік туралы», «Экологиялық ақпаратты пайдалану туралы», «Өнім өндіру және тұтыну қоқыстары туралы», «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» үлгілі заңдардың жаңа редакциялық жобаларын талқылады.

    Сондай-ақ, «Экологиялық қорлар туралы», «Омарта шаруашылығы туралы», «Органикалық ауыл шаруашылығы туралы» және «Тау-кен өнеркәсіп қызметінің көршілес аумақтарда тұратын халықтың денсаулығына әлеуетті әсерін бағалау туралы» үлгілі заң жобалары комиссия назарына ұсынылды.

    ТМД ППА тарапынан қабылданатын үлгілі заңдар одан әрі қызметте пайдалану үшін ұлттық парламенттерге ұсынылады, бұл ТМД өңірінде ортақ құқықтық кеңістікті құруға және дамытуға мүмкіндік береді.

    Комиссия мүшелері тарапынан ТМД ПА жанындағы Экология және табиғатты пайдалану бойынша Сараптамалық кеңес туралы ереже талқыланып, оныншы Невский халықаралық экологиялық конгресске дайындық жасау, ауыл шаруашылығы саясаты, табиғи ресурстар мен экология саласындағы ұлттық заң құжаттарын әзірлеу туралы да комиссияның бастамасымен ТМД ПА тарапынан қабылданған үлгілі заң құжаттарынан пайдалану мәселелері туралы ақпарат тыңдалды.

    Сондай-ақ 2023 жылдың күзіне жоспарланған «Таулы аймақтардың тұрақты дамуы» халықаралық форумына дайындық жасау мәселелері талқыланды.

    Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Ақпарат қызметі.

    No date selected
    November 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates