Маған тарихи сериал түсіру туралы ұсыныс түскенде қатты толқыдым. Мәдениет және туризм министрі Озодбек Назарбековпен кездесуден кейін Жалалиддин Мангуберди туралы сериал түсіруді бастадық. Түсірілім барысында көп адам жұмыс істеді, әрине негізгі бастамашы Озодбек Назарбеков болды, – деді Боздағ.
– «Мендирман Жалолиддин» тарихи сериалының түсірілімі кезінде өзбек әріптестерімізбен тәжірибе алмастық. Айта кету керек, тарихи сериал түсіру өте жауапты әрі еңбекті қажет ететін үдеріс. Актерлар 50-55 градус ыстықта да ауыр сауытпен ойнады. Аттармен қатысқан сахна көріністердің де өзіндік қиындықтары болды. Соған қарамастан өзбек және түрік әртістері өз міндеттерін шын көңілден және жауапкершілікпен орындады.
Осы жобаның арқасында, бала кезімнен армандаған Самарқант, Бұхара, Хиуа қалаларына саяхат жасадым. Тарихи кино түсіру жағынан өзімізді тағы бір рет сынап көруге мүмкіндік берген өзбек ағайындарға алғысымды білдіремін.
Алдағы уақытта, сәті түссе, Әмір Темір, Мырза Ұлықбек, Абдуллатиф, Әли Құсшы, Фатих Сұлтан сынды ұлы тарихи тұлғалардың өмірінен сыр шертетін сериал түсіруді көздеп отырмыз. Егер бұл жобамыз жүзеге асса, тағы бір тарихты қайта жаңғыртуға мүмкіндік туады».
Ақпарат үшін, 14 январь күні Мәдениет және туризм министрлігімен бірлесіп сериалдың 2-маусымының премьерасы өтті, деп хабарлайды Туризм және мәдени мұра министрлігінің баспасөз қызметі.