Қазақстанда еңбек миграциясын жүзеге асыруда заңдылыққа сүйеніп адам құқықтары мәселелері талқыланды

    Еліміздің делегациясы «Өзбекстан Республикасы мен Қазақстан Республикасының Үкіметтері арасындағы заңсыз миграцияға қарсы күресуде ынтымақтастық туралы келісімнің» Қазақстан аумағындағы орындалуын үйрену мақсатында 2022 жылғы 30 октябрь мен 4 ноябрь күндері аралығында Астана және Алматы қалаларында жұмыс сапарымен жүр.

    Делегация құрамында Адам құқықтары бойынша Өзбекстан Республикасы Ұлттық орталығының, Ішкі істер министрлігі мен Сыртқы еңбек миграциясы агенттігінің мамандары бар. Мониторингке Халықаралық миграция ұйымының өкілдері де қатысуда.

    Сапардың негізгі мақсаты – екі мемлекет үкіметтері арасындағы заңсыз миграцияға қарсы күресуде ынтымақтастыққа қатысты келісімнің Қазақстан аумағындағы орындалуын зерделеу. Осыған байланысты үйрену нәтижелері негізінде елдеріміздің тиісті кеңселері арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту бойынша ұсыныстар әзірленетін болады.

    30 октябрінде өткен бірінші кездесуде Қазақстан Республикасы Президентінің құзырындағы Адам құқықтары бойынша комиссияның басшылығы мен Адам құқықтары бойынша Өзбекстан Республикасының Ұлттық орталықтың қызметкері Уткирбек Очилов адам құқықтарын қорғауға қатысты мәселелер туралы өзара пікір алмасты.

    31 октябрьде Өзбекстан Республикасы Жұмыспен қамту және еңбек қатынастары министрлігі жанындағы Сыртқы еңбек миграциясы агенттігі мен Қазақстан Республикасы

    Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өкілдерінің қатысуымен келіссөздер жүргізілді. Кездесу барысында екіжақты тең құқылы қарым-қатынастарды одан әрі нығайту, әлеуетті жұмыс берушілермен тығыз ынтымақтастық орнату, белгілі бір бағытта жұмысшыларды кәсіби даярлау және жұмысқа қабылдау үдерістерін ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

    Мигранттардың құқықтарын бұзудың алдын алу мәселелері жан-жақты талқыланды. Мигранттардың құқықтарын жан-жақты қорғауды қамтамасыз ету қажеттігіне ерекше назар аударылды.

    Адам құқықтары бойынша Өзбекстан Республикасының Ұлттық орталығының баспасөз қызметі.

    No date selected
    May 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates