Өткен 2022 жылдың декабрь айының соғында мектепке бару үшін Сырдарияны жүзіп өткен қыз туралы көп жазылды. Біреулер қыздың ерлігіне сүйсініп, таңданса, он екі жасар қызды жалғыз өзі қайық басқарғанына ата-анасы мен жауаптылар немқұрайлылық танытты деп айыптаушылар да болды.
Сол кезде облыс әкімі Акмалжон Махмудалиев интернет желісін «жарған» оқиғаға қатысушы, түбі бекабаттық Замира Тойчиеваның мектебіне барып, оған ноутбук пен кітаптарды сыйға тартып, анасымен сұхбат кезінде қыздың жан-жақты білім алуына бар көмегін беретінін айтқан-тұғын.

Мұны қараңыз, қазір кішкентай қыз күнде мектепке бару үшін өзеннен өтпейді. Облыс әкімінің ұсынысы бойынша кейіпкеріміз жаңа оқу жылынан бастап Гүлістан олимпиадалық және паралимпиадалық спорт түрлеріне дайындық орталығында академиялық ескек есу бағытында оқуын жалғастыратын болды.
Орталықта жатақханамен және 4 мезгіл тегін тамақпен қамтамасыз етеді. Сондай-ақ бос уақытында «Жастар орталығында» бағдарламалау және IT мамандығы бойынша білім алуға мүмкіндік жасап беріледі.