«The Mercury Group» 1963 жылы құрылып, 10 мемлекетте жұмыс жүргізетінін атап өту тиіс. Өз тұтынушыларына энергетика, ауыр өнеркәсіп, шикізат, дайын өнімдер, технология және қондырғылар жеткізіп берумен шұғылданады. Компания халқаралық көлемде барған сайын дамып, әлемдік нарықта көптеген тұтынушыларына ие. Компанияның АҚШ, БАӘ, Ұлыбритания және Ресейде өз өкілеттіктері бар.
Кездесуде қонаққа бүгін Өзбекстанда шетелдік инвесторлар үшін жаратылған жағдайлар, мемлекетіміз тарапынан берілетін жеңілідк пен преференсиялар, республикамыздың қаржылық және экспорттық әлеуеті туралы жан-жақты мәлімет берілді.
Кездесуде Мухаммад Асиф мырза арнаулы аяқкиім өндірумен шұғылданатын кәсіпорындармен ынтымақтастықты жолға қою ниетінде екенін мәлімдеді. Шетелдік қонақтың айтуынша, ол өнімдерді келекше сыртқы нарыққа алып шығу, әсіресе, Еуропа базарларына экспорттау бойынша бастамаларды мәлімдеді. «The Mercury Group» басшысы Өзбекстанда жасалған өнімдердің үлгілерімен танысу мақсатында «Go’Zal Biznes Plyus» және «Comfort Leather Shoes» ЖШҚ-ларда болып, өндіріс үдерістерімен танысты. Кәсіпорынның өнімдері аталған шетелдік компанияға ұнады, үлгілер БАӘ және Ұлыбританияға жіберілетін болды.
Кездесу соңында тараптар екіжақты қатынастарды дамыту болашақтары жан-жақты талқылады, сондай-ақ өзара мүдделі байланыстарды жалғастыруға келісілді, деп хабарлайды «Узчармсаноат» бірлестігінің баспасөз қызметі.