Ұлттық гвардия «Темурбек ұландарын» тәрбиелеуге жауапты

    Әскери шекара 20 Oktabr 2021 1916

    Өзбекстан Республикасы Ұлттық гвардиясы мен «Темурбек ұландары» беймемлекеттік білім беру мекемесі ортасында өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

    Ынтымақтастықтың көзделген негізгі мақсаты — «Тумурбек ұландары» беймемлекеттік оқу орнының оқушыларды патриотизм, Отанға адалдық, жанкүйерлік сезімдерін дамыту, рухани-адамгершілік қасиеттерін жетілдіру, еңбексүйгіштігі, шығармашылық белсенділігі, білімге деген санасының қабілеттерін қалыптастыру мен дамыту, сондай-ақ Ұлттық гвардия «Темурбек ұландары» беймемлекеттік білім орнының шақыруға дейінгі бастапқы дайындық сыныбын қажетті жабдықтармен, оқу әдістемелік қолданбалармен қамтуды және арнайы киім-кешек дизайынын дайындауға көмектеседі. Оқушыларды әскери кәсіпке қызықтыру бойынша Ұлттық гвардия болып өтетін әскери отансүйгіштікке бағытталған шараларда қатысуды қамтамасыз етеді. Бастапқы әскери дайындық дәрежелерін арттыру және Ұлттық гвардия туралы білімін арттыру бойынша қажетті жағдайлар жасалады. Сонымен қатар білім орнының оқушылары үшін жүйеге қатысты білім орындары арасында өткізілетін пән олимпиадалары мен спорт жарыстарына қатысу мүмкіндігі болады, деп хабарлайды Өзбекстан Республикасы Ұлттық гвардиясының баспасөз қызметі.

    Болашаққа жоспарлаған жұмыстар әрине Ұлттық гвардия құрамын білімді, еркін ойлайтын, ақыл-ойы мен физиялогиялық жағынан жетілген кадрлар резервімен байытуда өз жемісін берері сөзсіз.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates