Ұлттық палатаның қолдауымен кореялық дәрігерлер 20 науқасқа ота жасайды

    Денсаулық 1 Avgust 2022 1707

    Кореялық дәрігерлер биыл күзде «жарық таңдай» диагнозы қойылған 20 науқасқа тегін ота жасауды жоспарлап отыр. Өзбекстан Республикасының Инновациялық денсаулық сақтау ұлттық палатасы бұл бастаманы жүзеге асыруды қолдап-қуаттайды.

    Операцияны Сеул стоматологиялық клиникасы Ұлттық университетінің (SNUH) хирургтары жасайды. Бастапқы кезең науқастардың тізімін дайындаудан, оларды медициналық тексеруден өткізуден және өткізілетін акция туралы келіссөздер жүргізуден тұрады. Осы мақсатта Өзбекстанға SNUH-ның екі өкілі келді.

    Сапар барысында олар Ұлттық палатаның ота жасау үшін таңдаған клиникада болып, науқастарды таңдап алды, сондай-ақ оларға талдау жасалып, алдын ала тексеруден өткізілді.

    «Біз SNUH-ның “таңдай жырығы” диагнозы бар науқастарға операция жасау бастамасын қуана қолдаймыз. Бұлар негізінен аз қамтылған отбасы балалары мен жасөспірімдер. Олардың көпшілігінде осы патология күрделі өтуде. Біріккен іс-әрекеттердің нәтижесінде олардың өмір сүру сапасын жақсартып, жаңа жоспарлар құрып, оны жүзеге асыра алады», — деді Корея делегациясымен кездесу кезінде Ұлттық палата төрағасы Ровшан Изамов.

    Күзде 20-ға жуық SNUH мамандарынан құралған делегация келеді деп күтілуде. Бұл ынтымақтастық науқастарға көмек көрсетумен қатар, Өзбекстан дәрігерлерінің біліктілігін арттыруға және осы түрдегі операцияларда хирургияның ең соңғы инновациясын ұсынуға мүмкіндік береді.

    «Корея Республикасы мен Өзбекстан Республикасының арасындағы көпқырлы ынтымақтастықты ескере отырып, Университетіміздің, сондай-ақ еліңіздің денсаулық сақтау жүйесін дамытуға үлес қосуды маңызды міндет санайды. Мұндай жоспарларды жүзеге асыруда Денсаулық сақтау ұлттық палатасы, оның басшылығы және облыстардағы бөлімшелері сияқты сенімді серіктес тапқанымызға қуаныштымыз», - деп айтты SNUH профессоры Бенг Мо Сэо.

    Қосымша ретінде айту орынды, операциялар Ташкент облысында жүзеге асырылады. SNUH мамандары Өзбекстанда дәстүрлі түрде қайырымдылық оталарын жасап тұрады. Бұл олардың осы мақсатпен елімізге жасаған 10- сапары.

    Өзбекстан Республикасы Инновациялық денсаулық сақтау ұлттық палатасы.

    No date selected
    May 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates