Мысырдың бұқаралық ақпарат құралдары Өзбекстанның экономикалық дамуын мойындады

    Мысырдың «Сада әл-Балад» ақпарат агенттігі «Халықаралың валюта қорының бағалауына сәйкес, Өзбекстанның Жалпы ішкі өнімі 101,6 миллиард долларды құрады» деген тақырыппен мақала жариялады.

    Онда хабарланғанындай, ағымдағы жылғы 31 июльде Ташкентте «Өзбекстандағы бейресми және жасырын экономиканы статистикалық бағалаудың нәтижелері» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел сұхбаты өтті. Іс-шараның мақсаты Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) техникалық көмек көрсету миссиялары аясында жүргізілген талдау нәтижелерін талқылау болды.

    «Экономикалық зерттеулер және реформалар орталығының директоры Обид Хакимов шараны ашып беріп, қатысушыларға Өзбекстандағы экономикалық жағдайды жақсартуға бағытталған реформалар туралы ақпар берді, - делінген мақалада. – Ол бейресми және жасырын экономиканы статистикалық бағалауды қалыптасқан әлеуетті анықтаудың және тиімді мемлекеттік саясатты әзірлеудің маңызды құралы ретінде тілге тиек етті».

    Зерттеулер республиканың 14 аймағында жүргізілгені атап өтілді. Әсіресе, 2023 жылғы июль-август айларында Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) техникалық көмек көрсету миссиясы жұмылдырылып, Қарақалпақстан Республикасында, облыстар мен Ташкент қаласында жалпы саны 165 аудандағы 7 мыңнан астам үй шаруашылығының өмір сүру, тамақтану, көлік, мәдениет, білім беру, денсаулық сақтау және басқа да қызметтеріне қаражаттары сауалнама негізінде үйренілді.

    «Жүзеге асырылған талдау нәтижелері бойынша, 2023 жылы Өзбекстанның номиналды ЖІӨ көлемі 125,6 триллион сумға (10,7 миллиард долларға) өсіп, 1 192,2 триллион сумды (101,6 миллиард долларды) құрады», - дейді «Сада-әл-Балад» ақпарат агенттігі жариялаған мақала, деп хабарлайды «Дүнё» AA.


    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates