Ташкентте Өзбекстан мен Мысыр ынтымақтастығы аясында бірқатар шаралар өтті

    Үстіміздегі жылдың 24 декабрінде Ташкентте Өзбекстан мен Мысыр арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту аясында бірқатар іс-шаралар өтті.

    Күн тәртібінен алдын екі ел делегациялары басшыларының – Өзбекстан тарапынан Өзбекстан Республикасының инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрі Лазиз Кудратов пен Мысыр тарапы Мысырдың жоспарлау, экономикалық даму және халықаралық ынтымақтастық министрі Рания ал-Машат екі жақты кездесуі өтті.

    Кездесу барысында екі ел арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен қарым-қатынастарды дамыту болашақтары жан-жақты қаралды. Өзара сауда көрсеткіштерінің, инвестиция тартудың және өнеркәсіптік кооперацияның мақсатты бағыттары белгіленді.

    Атап айтқанда, өткен жылдың қорытындысы орай, Өзбекстан мен Мысыр арасындағы тауар айналымының көлемі екі есеге артқаны, бұл оң тенденция биыл да дәйекті түрде жалғасып жатқаны атап өтілді. Келебе-жіп, агроөнеркәсіп өнімдерін жеткізіп беру мен қызметтер көлемі дерлік екі есеге артқаны айтылды.

    Өзбекстанда Мысыр капиталының қатысуымен 15 кәсіпорын жұмыс істеп келеді. Қазіргі уақытта Мысыр компаниялары тарапынан Өзбекстан аумақтарында азық-түлік өнімдерін өндіру, геологиялық-барлау, ауыз сумен қамтамасыз ету және кәріз жүйелерін жаңғырту салаларында жобаларды жүзеге асыруда.

    Тараптар ынтымақтастықты дамытудың үстем бағыттарын белгілеп, сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамыту бойынша Өзбекстан Республикасы мен Мысыр Араб Республикасы арасындағы Үкіметаралық комиссияның 7-мәжілісі аясындағы істерді жалғастырды.

    Жиналыста тиісті министрлік, кеңсе және сала бірлестіктері басшыларының қолданыстағы келісімдердің орындалу барысы туралы есептері тыңдалды. Жобалардың әрбір кезеңі жан-жақты сарапталып, олардың сәтті жүзеге асуын жеделдету үшін тиімді шешімдер әзірленіп, мерзімдері белгіленіп, жауапты тұлғалар анықталды.

    Күн бағдарламасы екі елдің 150-ден астам ірі компаниялары басшыларының қатысуымен бизнес-форуммен жалғасты. Атап айтқанда, Мысыр тарапынан El Sewedy Electric, Hassan Allam Holding, ACDIMA, EPICO, Nile sugar, Badawy Group, Masriya machine, Ebtkarat Smart Systems, Solyphar, Al Farouk For Import & Export және тағы басқа да компаниялар қатысты.

    Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрі Лазиз Қудратов кіріспе сөзінде іскер топтар арасында өзара ынтымақтастықты нығайту және аймақтық базарлар сиымдылығын, көлік-лагистикалық мүмкіндіктерді терең талдау негізінде сауда көлемін күрт арттырудың маңыздылығын атап өтті.

    Бизнес-форум барысында Өзбекстанның аймақтары мен экономикалық секторларының әлеуеті таныстырылды, цифрлық технологиялар, білім беру, фармацевтикалық өнімдерін өдіру, азық-түлік өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы және туризм салаларында жоғары таза әкелінген құн көрсеткіштеріне ие болған нақты инвестициялық бастамалары мен жобалық ұсыныстар ұсынылды.

    Сондай-ақ, Өзбекстанда кәсiпкерлердiң қолайлы жұмыс iстеуi, құқығы мен мүдделерiн қорғау үшін жаратылған жағдайлар, елдiң инвестициялық және индустриялық әлеуетiнiң негiзгi жақтары туралы айтылды.

    Бағдарлама аясында B2B және B2G форматында кездесулер ұйымдастырылып, онда бизнесмендер жаңа, пайдалы байланыстар орнатуға, өзара тиімді жобаларды және сауда келісімдерін бірлесіп жүзеге асыру мәселелерін талқылауға мүмкіндік алды.

    Кездесу соңында Өзбекстан-Мысыр үкіметаралық бірлескен комиссиясының 7-жиналысында Хаттамасы мен бірқатар екіжақты келісімдерге қол қойылды. Олардың қатарында қоршаған ортаны қорғау саласындағы техникалық ынтымақтастық, Самарқант облысы мен Александрия облысы арасындағы аймақаралық ынтымақтастық, Мысырдың Ежелгі Жәдігерліктері жоғары кеңесі мен Өзбекстан Ислам цивилизациясы орталығы арасындағы ынтымақтастық, Айн-Шамс университеті және Ташкент мемлекеттік шығыстану университеті арасында білім саласындағы ынтымақтастық, фармацевтикалық өндірісті дамыту агенттігі және ACDIMA компаниясы арасында өзара түсіністік меморандумдары орын алған, деп хабарлайды Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрлігінің баспасөз қызметі.