Резиденция алдындағы алаңда құрметті қарауыл сап түзеді.
Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев жоғары мәртебелі мейманды қарсы алып, мінберге шақырды. Әскери оркестр екі елдің мемлекеттік әнұрандарын орындады.
Мемлекет басшылары құрметті қарауыл сапының алдынан өтіп, ресми делегациялар мүшелерін құттықтады.
Бірге суретке түсу рәсімінен кейін жоғары деңгейдегі келіссөздер басталды.