Мойнақта BPO-school ұйымдастырылды

    Болашақ ұрпақ 24 Fevral 2022 1390

    Ақпараттық технологияларды және коммуникацияларды дамыту министрі Шерзод Шерматов Қарақалпақстан Республикасына сапары аясында Мойнақ ауданында құрылған BPO-school қызметімен танысты.

    АКТ министрі ондағы жастарға жасалған жағдай мен мүмкіндіктерді көрді.

    BPO-school-дің құрылуы мойнақтық жастарға ағылшын тілін және BPO қызметтерін үйренуге және болашақта Мойнақтың өзінен шетелге қызметтерді экспорттауға мүмкіндік береді.

    Болашақ BPO мамандары АҚШ-тағы жүк тасымалдау машиналары бизнес үдерісін Мойнақта тұрып басқарады. Олар өз елінде шетелдік тәжірибе мен жоғары табыс алу мүмкіндігіне ие болады.

    Сапар барысында АКТ министрі осы оқу орталығына көптеген жастарды жұмылдыру, ағылшын тілін тереңдетіп оқыту және BPO-school қызметін дұрыс жолға қою бойынша тапсырма берді.

    Елімізде АКТ саласын дамытудың үстем бағыттарының қатарында ІТ-кәсіпкерлік, сондай-ақ BPO қызметтерін көрсету арқылы IT-өнімдері мен қызметтерінің экспортын ұлғайту бар екені атап өтілді, деп хабарлайды Ақпараттық технологияларды және коммуникацияларды дамыту министрлігінің баспасөз қызметі.