Айта кетейік, бүгін 3-санды барлау ұңғымасынан өнеркәсіптік көлемдегі табиғи газ ағыны алынған.

Ұңғыманы бұрғылау жұмыстары ағымдағы жылдың 8 сентябрь күні «Узнефтгаз бұрғылау жұмыстары» тарапынан басталып, төменгі юра қабаттары 4940 метр тереңдікте бұрғыланды.

Енді 3 күн бойы ұңғыманың өнімді қабатының табиғи сипаттамасы зерттелмек. Осы зерттеулердің нәтижесінде ұңғыманың тәуліктік шығыны, қабат қысымы және басқа да маңызды көрсеткіштер анықталады.

Қазіргі уақытта Мойнақта тағы екі кен орнында ұңғыманы бұрғылау және сынақ істері қызу жүріп жатыр. Жуық арада осы ұңғымалардан нәтиже алу күтілуде.