Оған Балх мемлекеттік университеті мен «Түркістан» университетінің оқытушылары мен студенттері, жергілікті өзбек диаспорасының зиялы қауым өкілдері қатысты.
Конференцияда сөз сөйлеген «Түркістан» университетінің ректоры Абдул Хади Қодири 2004 жылы өткен Лойи-Жирғада мемлекетте пушту және дари тілдерімен қатар өзбек тіліне де ресми мәртебе берілгенін атап өтті. Уақытша үкімет қазір жаңа Конституцияны дайындау барысында Ауғанстандағы өзбек тілінің рөлін ескеретініне сенімді екені айтылды.
«Түркістан» университетінің ғылыми істері бойынша проректоры Абдул Қаюм Тураби Өзбекстанның Ауғанстанға көрсетіп жатқан экономикалық және гуманитарлық көмегін, Өзбекстанның ұлы ғұлама ғалымдары Имам Бұхари мен Имам Термезидің мекені екенін, өзбек халқының әлемнің ғылым-білімі мен өркениетіне қосқан лайықты үлесін тілге тиек етті.
Ол өз сөзінде бүгінгі Ауғанстан жастары көршілес елдермен, сондай-ақ Өзбекстан жастарымен мәдени-ағарту байланысты дамытудың маңыздылығына тоқталды. Бұл ретте проректор Өзбекстанның жоғары оқу орындарында білім алып жатқан ауған жастары өз отандарына оралған соң экономиканың түрлі салаларында жемісті еңбек ететініне сенім білдірді.
Балх мемлекеттік университетінің медицина факультетінің аға оқытушысы және Ауғанстан түркі халықтар зиялылары қауымдастығының мүшесі Абдулсаттар Самади Ауғанстанда тұратын барлық ұлттардың өкілдерін өзара ынтымақтастыққа шақырып, өзбек халқының әлемдік өркениет пен ислам мәдениетіне, оның ұлттық дәстүрлеріне қосқан баға жетпес үлесімен, сондай-ақ ұлттық дәстүрлері туралы жан-жақты ой бөлісті.
Конференция барысында Ауғанстан жоғары оқу орындарының өкілдері өзбек тілі мен әдебиетінің негізін қалаушы Әлішер Науаидың бай шығармашылық және рухани мұрасы, ұлы ойшылдың шығармашылық еңбектері, сондай-ақ Ауғанстанда өзбек тілі мен әдебиетінің дамуына қосқан үлесі, ғалым және мамандардың шығармашылығы туралы ойларын ортаға салды, деп хабарлайды «Дунё» АА.