Тараптар өзара ынтымақтастықтың болашағы, ынтымақтастықта жүзеге асырылып жатқан жобалар, сонымен қатар Өзбекстан-Жапония жастар инновациялық орталығының қызметі, кадр ресурстарларын дамыту үшін стипендияларды бөлу (JDS) жобасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтылды.
Сондай-ақ, кездесу барысында министрдің орынбасары JICA-ның Өзбекстандағы өкілеттігі мен министрлік арасында ғылыми-зерттеу институттарын трансформациялау, жас ғалымдарды қысқа мерзімді ғылыми тағылымдамадан өтуін ұйымдастыру, білім беру реформасының халықаралық стандарттарын енгізу, қызметкерлердің біліктілігін арттыру, сондай-ақ сарапшы-кеңесшілерді жұмылдыру бойынша ынтымақтастық орнату ұсыныстары айтылды.
Кездесу соңында Өзбекстандағы JICA өкілеттігімен Knowledge Co-Creation Programs (KCCP) бағдарламасы аясында біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру, кадр ресурстарын дамыту үшін стипендиялар бөлу (JDS), Technical Cooperation бағдарламасы аясында жоғары білім беру жүйесін реформалау, инженер-әйелдерді оқыту, ғылым және инновацияларға венчурлық қаржыландыру мен инвестицияға енгізуде сарапшы-кеңесшілерді тарту бойынша ынтымақтастық жасауға келісті.
Сонымен қатар, JICA-ның Өзбекстандағы өкілеттігінің басшысы білім және инновациялар саласындағы ынтымақтастықтың одан әрі дамитынына сенім білдіріп, Жоғары білім, ғылым және инновациялар министрлігімен тұрақты ынтымақтастықта жұмыс істеуге дайын екенін айтты, деп хабарлайды Жоғары білім, ғылым және инновациялар министрлігінің баспасөз қызметі.