Маңызды мәселелердің бірі — жастарға IT-білім берудегі мүмкіндіктерді одан әрі кеңейтіп, оларды болашақта жұмыспен қамту болып табылады

    Білім 11 Fevral 2022 1278

    10 февральда Ақпараттық технологияларды және коммуникацияларды дамыту министрі Шерзод Шерматов «PDP» Академиясында болды.

    АКТ министрі Ш. Шерматов орталықтың қызметімен және ондағы жасалған жағдаймен танысты. Оқу орталығында білім алып жатқан студенттермен сұхбат жүргізіліп, ой-пікірлер мен ұсыныстар айтылды.

    “РDР” академиясы– қазіргі өзекті IT кәсіптер бойынша оқытуға мамандандырылған оқу орталығы. Аталмыш орталықта 10 бағыт бойынша офлайн және онлайн түрде Android, Python, Java. iOS, Flutter, Frontend бағдарламалау бойынша мамандар оқытылады.

    Қазір орталықта 60 ментор мен ассистенттер жаттығу өткізіп, 1,6 мыңнан астам тыңдаушы білім алады. Бітірушілердің саны 2 мыңнан асты, оның 90 пайызы жұмысқа орналасқан. Көптеген түлектер жетекші жергілікті және халықаралық компанияларда жұмыс істеуде.

    Кездесу барысында АКТ министрі жастардың IT білім берудегі мүмкіндіктерін одан әрі кеңейту, оларды болашақта жұмысқа орналастыру мәселелеріне тоқталды, деп хабарлайды Ақпараттық технологияларды және коммуникацияларды дамыту министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates