Баламалы энергетикалық «жасыл экономика» технологияларын барлық салаға енгізу өзекті мәселе

    Энергия 18 Aprel 2023 3045

    2023 жылдың 17 апрелінде Олий Мажлис Сенатында «Баламалы энергетиканы дамыту, «жасыл экономика» технологияларын барлық салаларға белсенді енгізу» тақырыбында семинар өтті.

    Семинарда «жасыл» энергетиканы дамыту, атап айтқанда, қайта тіктелетін энергия көздерін кеңінен енгізу, сондай-ақ «жасыл» экономиканы дамыту бағыттарында ғылыми-зерттеу және инновациялық жобалар, сонымен қатар болашағы зор инновациялық қолданбалар, «стартап» жобаларды іс жүзіне енгізу бойынша істер туралы пікір алмасылды.

    Елімізде тұрғындар мен кәсіпкерлік субъектілердің қайта тіктелетін энергия көздерінен кеңінен пайдалануын мемлекеттік қолдап-қуаттау механизмдерін енгізу , «жасыл» экономикаға өту стратегиясы аясында «жасыл» және инклюзивті экономикалық өсуді, сондай-ақ энергия нәтижелілігін арттыру арқылы республика аумақтарында энергия тапшылығын қапталуын қамтамасыз етуде энергетика саласында жүйелі реформалар жүргізілуде.

    Атап айтқанда, әлеуметтік және тұрғын үй-коммуналдық қызмет көрсету салаларында, сондай-ақ экономика тармақтарында қайта тіктелетін энергия көздерін кеңінен енгізу, қайта тіктелетін энергия көздерін пайдалану және экономиканың барлық тармақтарында ресурстарды үнемдеу және одан ары кеңейту, тұрғындарды қолдап-қуаттау мақсатында бірқатар Президент жарлықтары мен қаулылары қабылданды.

    Өзбекстанда 2030 жылға дейін қайта тіктелетін энергия көздерінің өндірістік қуатын 15 ГВт-қа арттыру және олардың электр энергиясын өндірудің жалпы көлемдегі үлесін 30 пайыздан астамға жеткізу көзделуде.

    Қайта тіктелетін энергия көздерін енгізу мақсатында қабылданған іс-шаралар нәтижесінде дәл қазір 2,9 миллиард доллар тікелей шетелдік инвестициялар есебіне жалпы 2 897 МВт қуатқа ие 10 күн және жел электр станцияларын салу аясында іс жүзіндік жұмыстар басталды.

    Семинарда баламалы энергетиканы дамыту, «жасыл экономика» технологияларын барлық салаға белсенді енгізу мәселелерінде кейбір кемшіліктер шешімін таппай отырғанына назар аударылды.

    Семинарда сенаторлар әлеуметтік және тұрғын үй-коммуналдық қызмет көрсету салаларында, сондай-ақ экономика тармақтарда қайта тіктелетін энергия көздерін кеңінен енгізу, энергия тиімділігін арттыру арқылы республика аумақтарында энергия тапшылығы қапталуын қамтамасыз етудегі істерді кешенді ұйымдастыру мақсатында тұрғындарға, сонымен қатар, инвесторларға қолайлы жағдайлар мен ынталандыру механизмдерін енгізу туралы насихат-түсіндіру жұмыстарын өткізу қажеттігін, мұнда бұқаралық ақпарат құралдарының мүмкіндіктерінен кең пайдалану қажет екені айтылды.

    Сондай-ақ, тұрғындардың үйлеріне шағын қуатты (жалпы қуаты 50 кВт-қа дейін) күн панелдерін орнатуды ынталандыру бойынша «Шуақты үй» бағдарламасын жүзеге асыру, тұрғындар күн панелдері арқылы өндірілген артықша электр энергияның әрбір киловатт-сағатына 1000 сумнан субсидия бөлу бойынша жергілікті шаралар ұйымдастырылып, насихат істері жүзеге асыру қажет екені айтылды, деп хабарлайды Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates