Абдолла Тукай атындағы халықаралық әуежайда Мемлекет басшысын Ресей Премьер-Министрінің орынбасары – Индустрия және сауда министрі Денис Мантуров пен Татарстан Төрағасы Рустам Минниханов қарсы алды.
Сапар бағдарламасына сәйкес, бүгін Қазан қаласында бірқатар іс-шаралар өтеді.
Ертең, 6 қазанда Мәскеуде өтетін жоғары деңгейдегі кездесуде екі ел басшылары Өзбекстан-Ресей қарым-қатынастарын одан әрі нығайту және көпжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелерін, ең алдымен, саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салаларды талқылайды.