Осыған байланысты Денсаулық сақтау министрлігі халыққа медициналық көмек көрсету үшін барлық қажетті шараларды жасаған.

Сондай-ақ, 179  елді мекенде орналасқан субфилиалдары қызмет көрсетуге дайын. Бұдан тыс, республика бойынша 2861 жедел жәрдем бригадасы қажетті дәрі-дәрмекпен толық қамтамасыз етілген. Жедел және шұғыл медициналық көмек көрсету жүйесінде жұмыс істейтін 17 мыңға жуық дәрігер мен 52 мыңнан астам медбикеге қажетті нұсқау берілді.

Сондай-ақ, тұрғындар тәулік бойы шаңды ауадан қалай қорғану керектігі туралы қажетті кеңестер мен ұсыныстарды Денсаулық сақтау министрлігінің «1003» Sall-center қысқа нөмірінің білікті мамандарынан ала алады.

Атап айтқанда, мұндай жағдайда тыныс алу жолдарының созылмалы дертіне шалдыққан отандастарымызға шаңды ауа райында көшеге шықпауға кеңес береміз.

Бөлмені немесе құрылысты дымқыл шүберекпен тазалау, үйге немесе ғимаратқа және айналасына су құйылған ыдыстарды қою шаң деңгейін төмендетуге көмектеседі. Сонымен қатар, бұл жағдайда дымқыл сүлгілерді ілу және кондиционерлер мен ауаны тазалау жүйелері көмектеседі.

Терезелерді жабық ұстау, көбірек су ішу және жиі душ қабылдау тыныс алуды жеңілдетеді. Ауыз бен мұрын қуысын тұзды ерітіндімен шаю да өте тиімді.

Көшеде серуендеу кезінде міндетті түрде медициналық маска тағып, оларды екі сағат сайын ауыстырыңыз. Сондай-ақ жас балаларға, жүкті әйелдерге және қарт адамдарға мұндай жағдайда сақ болу ұсынылады.

Егер жерлестерімізде қоршаған ортаның салдарынан ентігу, мұрыннан су ағу, түшкіру, көздің қышуы және қызаруы, тамақтың қатты қышуы,  шаң-тозаңнан қышу белгілері пайда болса, дереу жанұялық дәрігерге, отбасылық емханаға бару керек.

Соғлиқни сақлаш вазирлиги Матбуот хизмати.