Бұл туралы Наманган облыс әкімдігі хабарлады.
Үстіміздегі жылдың 28 июль күні Наманган облысында Мәдениет министрі Озодбек Назарбеков облыстың Давлатабад, Жаңа Наманган, Мыңбұлақ, Нарын, Наманган, Турақорған аудандарының мәдениет бөлімдерінің жауаптыларына «Дамас» автокөліктерінің кілтін салтанатты түрде табыс етті.
Облыста Мемлекет басшысының 2022 жылғы 2 февральдағы «Мәдениет және өнер саласын одан әрі дамытуға қатысты қосымша іс-шаралар туралы» 112-санды Қаулысында көрсетілген міндеттердің атқарылуын қамтамасыз ету мақсатында республиканың барлық аумақтарға кезең-кезеңімен үдеріс жүзеге асырылуда.
Еске сала кетейік: 2023 жылы облыстың 8 ауданында (Поп, Чуст, Косонсой, Чортоқ, Уйчи, Үшқорған, Наманган қаласы, Янгиқорған) жұмыс істейтін мәдениет бөлімдеріне «Дамас» көліктері берілген еді.