Бұл туралы облыстық ІІБ хабарлады.

Айтылуынша, оқиға  «Тамдыбұлақ» АЗЖ маңында, жолдың 167-168 шақырым жер арасында болған.

Мәлім болғандай, «Зарафшан–Науаи» бағытында келе жатқан «Zhong Tong» маркалы автобусты басқарған 39 жастағы жүргізуші Ш. Х. (17 жыл жұмыс өтілі бар) көлік құралын басқара алмай қалған. Салдарынан автобус жолдың оң жағына шығып кетіп, аударылған.

Алдын ала тергеу істері бойынша, автобуста 47 жолаушы болған.

Оқиға салдарынан жолаушы ретінде келе жатқан 2 азамат алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Түрлі дене жарақаттарымен 9 адам емдеу мекемелеріне жатқызылды.

Қазір Науаи облыстық ішкі істер басқармасы тарапынан оқиғаға қатысты тергеуге дейінгі тергеу істері жүргізіп жатыр. «Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау, зардап шеккендер мен олардың отбасы мүшелеріне қажетті көмек көрсету, туындаған ауыр зардаптарға құқықтық баға беру бойынша шаралар қабылдануда», - делінген хабарда.