Ұлттық заңнамада ішкі істер органдарының қызметкерлерін суретке түсіруге тиым салынбайды

    Қауіпсіздік 11 Yanvar 2024 5589

    Жуырда Сенаттың Қорғаныс және қауіпсіздік мәселелері комитетінің жиналысы өтті. Оған сенаторлар, Комитет жанындағы Сарапшылар тобының мүшелері, министрліктер мен кеңселердің және БАҚ өкілдері қатысты.

    Комитет жиналысында Жол қозғалысы қауіпсіздігі жүйесінің жетілдірілуіне орай Өзбекстан Республикасының Қылмыстық кодексі, Қылмыстық-процессуалдық кодексі және Өзбекстан Республикасының Әкімшілік жауапкершілік туралы кодексіне қосымша өзгертулер енгізу туралы Заңы алғаш реет талқыланды.

    Еліміз аумағында болған салдары ауыр жол-транспорт жағдайларының және соның нәтижесінде адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп жатқаны ешкімге сыр емес.

    2023 жылдың 11 айында 8693 жол көлік оқиғасы орын алып, онда 2080 адам қаза тауып, 8055 адам жарақат алған.

    Мұндай жол көлік оқиғасынның орын алуына негізінен азаматтардың заңнамада белгіленген жауапкершілікті менсінбеуі және іс жүзіндегі жол қозғалысының ережелерімен таныс емес екені себеп болуда.

    Комитет жиналысында талқыланған бұл Заң дәл осындай кері әсерлердің алдын алуға және жол қозғалысы ережелерін реттеуге қаратылған.

    Заңмен Қылмыстық кодекске, Әкімшілік жауапкершілік туралы кодекске және Қылмыстық-процессуалдық кодексіне жаңа баптар, өзгертулер мен қосымшалар енгізілуде.

    Атап айтқанда, Қылмыстық кодекске қатысты өзгертулер енгізу арқылы көлікті мас күйде басқарғаны үшін қылмыстық жауапкершілік, яғни үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір құқықтарынан айыру, екі жылдан үш жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына немесе екі жылдан үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырумен жазаланады.

    Бұдан тыс, Қылмыстық кодексте автомототранспорт жүргізушілерін даярлау және қайта даярлау, сондай-ақ емтихан тапсыру мен жүргізуші күәлігін беру тәртібін бұзғаны, көлік басқару құқынан айырылған тұлғаның көлік құралын басқарғаны, сызылған тибиғи газбен, сұйылтылған мұнай газымен немесе дизельдік және газ тәрізді жанылғы қоспасымен жүретін көлік құралдарын пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін де қылмыстық жауапкершілік белгіленеді.

    Сонымен қатар Заң мен Әкімшілік жауапкершілік туралы кодексінде көлікте бұзақылық, яғни кейбір жүргізушілердің басқару мәдениетін сақтамауы, көлікті қатты жүргізуде, тағы басқа іс әрекеттерде көрініс тапқан “агресивті басқару”, “дрифт”, “шахмат” түрінде қозғалу, жолдарда кедергілер туындату сынды ережелерді бұзғаны жауапкершілікке тарту көзделуде.

    Талқыланып жатқан Заңда құқық қорғау органдары қызметкерлерінің беделіне нұқсан келтіру немесе қорлау мақсатында олардың қызметтік міндеттерін орындауына байланысты ақпаратты Интернет-ақпараттық желіде орналастыру базалық есептеу мөлшерінің елу есе көлемінде айыппұл төлеуге немесе он бес тәулікке әкімшілік қамаққа алу белгіленуде.

    Жиналыста аталмыш норма халық арасында және әлеуметтік желге кеңінен талқыланып, ІІМ Академиясы, Қоғамдық қауіпсіздік университеті, Ташкент мемлекеттік заң университетінің кафедрасының меңгерушілері мен профессорларының, сондай-ақ заң бастамашылары ІІМ Қоғамдық қауіпсіздік департаменті жол қозғалысы қауіпсіздігі қызметі басшыларының пікірлері тыңдалды.

    Мәліметке орай 2022 және 2023 жылдарда өз қызметтік міндеттерін атқарып жатқан жол патрульдік қызметі мамандары 253 рет азаматтар тарапынан сурет пен бейнетаспаға түсіріліп, интернетте таратылған. Бұл бейнематериалдардың барлығын Ёшкі істер министрлігінің жауапты басқармалары зерделеген.

    Зерттелген бейнероликтердің 102-сінде жүргізушілер өздері жол ережесін бұзса да, әлеуметтік желілерде қызметкерлердің әрекетіне қате пікір білдірген видеолар жарияланған.

    Бейнежазбаға түсіріп жатқан жүргізушілердің көбін жол полициясы қызметкерлері жол ережесін бұзғаны үшін тоқтатып, ереже бұзғаны үшін әкімшілік хаттамаларды ресімдеу үдерісіне қарсылық көрсетіп суретке алғаны, содан соң қате пікірлер айтып, әлеуметтік желілерде таратылып жатқаны белгілі болуда.

    Айта кеткен орынды, бұл бағыттағы шетелдік тәжірибені зерделей келе, бірқатар дамыған елдердің заңнамасында құқық қорғау органдары қызметкерлерін суретке түсіруге тыйым салынғанын, белгілі бір шаралардың белгіленгенін көру мүмкін.

    Мысалы, Ұлыбританияда көшеде немесе ғимараттарда қызметтік міндетін атқарып жатқан құқық қорғау органдары қызметкерлерін олардың келісімінсіз суретке түсіруге тыйым салатын норманы мемлекет парламенті 2000 жылы бекіткен. Бұл нормаға сәйкес, құқық қорғау органы қызметкерін оның келісімінсіз камера, бейнекамера немесе ұялы телефон арқылы суретке алған, түсіруге әркеттенген адам қамауға алынуы және 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

    Германияда полиция қызметкерлерін суретке түсіруге тыйым салынбайды, бірақ бұл фотосуреттерді немесе бейнелерді әлеуметтік желілерге және интернетте орналастыруға тыйым салынған.

    Францияда бір және басқа операциялар барысында полиция қызметкерлері немесе жандармдардың жеке басын идентификациялауға көмектесетін суреттерді тарату бір жылға бас бостандығынан айырылып, 45 мың еуро айыппұл төлейді.

    Көптеген елдердің заңнамасында ішкі істер қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін атқару кезіндегі әрекеттерін фотоға, видеоға түсіруге және әлеуметтік желілерде таратуға тыйым салынғанын, сондай-ақ ол үшін тиісті шаралар қабылдағанын байқауға болады.

    Ұлттық заңнамамызды ішкі істер органдарының қызметкерлерін түсіруге тыйым салынбайды, тек олардың беделін түсіру немесе қорлау мақсатында түсірілген фото және бейне материалдарды таратуға тыйым салынып, жауапкершілік белгіленуде.

    Комитет заң бойынша мамандар мен эксперттерді, жұртшылық өкілдерін жұмылдырып, тағы да талқылаулар өткізу жоспарлаған.

    Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Ақпарат қызметі.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates