Қоғамдық негізде құрылған Кеңес, құқық қорғау органдарында еңбек ететін әйелдерден құралған. Кеңеске жұртшылық жұмылдырылған. Құқықтанушы әйелдердің алғашқы кездесуі облыстық әділет басқармасында өтті. Онда қыз-келіншектерді қысым көрсетуден және күш жұмсаудан қорғау, сондай-ақ сайлау заңдылығын насихаттауға қатысты мәселелер талқыланды.
Мәліметтер бойынша, пандемия кезеңінде әлем бойынша қыз-келіншектерге қысым көрсету және күш жұмсау, отбасылық келіспеушіліктер мен некені жою күшейген көрінеді.
— Бұл жағдай Өзбекстанды да айналып өтпеді, — дейді Науаи облыстық сотының судьясы Гулнафис Худойбердиева. — Атап айтқанда, облыста отбасылық келіспеушіліктерге қатысты некені жою категориясы бойынша үстіміздегі жылдың алты айлық қорытындысы бойынша 778 азаматтық жұмыс қаралып, оңды шешілді.
Шара барысында, отбасылық ажырасуларға қатысты жағдайлар ескеріліп, тәжірибе ретінде Науаи қаласындағы 31 МАЖ-на құқықтанушы әйелдерді біріктіру және маххаллалардағы әлеуметтік тұрмысы нашар, құқықтық көмекке мұқтаж қыз-келіншектермен жеке сұхбат құру арқылы оларға құқықтық және психологиялық көмек көрсету бойынша нақты міндеттер белгіленді.
Содан соң, сайлау заңдылығына енгізілген өзгертулер мен сайлау үдерісін белгіленген тәртіпте ұйымдастыру, тұрғындар арасында сайлауды насихаттауды нәтижелі жүзеге асыру механизмдері туралы сөз өрбіді, — деп хабарлайды Науаи облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі.