Әйелдер мен балаларға арналған жоба

    Бөке ауданында Олий Мажлис құзырындағы Қоғамдық қор қаржыландырған “Әйелдер мен балалар үшін қауіпсіз орта құру: психологиялық, құқықтық, әлеуметтік және экономикалық көмек” атты жобаның ашылу рәсімі мен “Травмадан кейінгі жағдай және оны жеңу тәсілдері” тақырыбындағы семинар-тренинг өтті.

    Іс-шара “Гармония” орталығының бастамасымен, Ташкент облыстық Жанұя және әйелдер істері басқармасы, Бөке аудандық Жанұя және әйелдер бөлімі, сондай-ақ Ішкі істер бөлімінің Әйелдер мәселелері бөлімімен ынтымақтастықта ұйымдастырылды.

    Іс-шараға Өзбекстан Республикасының Жанұя және әйелдер комитетінің Құқықбұзушылықтың алдын алу және профилактика бөлімінің бастығы Ш.С.Собирова, Ташкент облыстық Жанұя және әйелдер істері басқармасының бас маманы Д.Қ.Адилова, Бөке аудандық Жанұя және әйелдер бөлімінің басшысы З.Маннопова және Ішкі істер бөлімінің әйелдер мәселелері бойынша аға инспекторы Г.Калимуллиналар қатысты.

    Семинар-тренингке 40-тан астам әйел мен белсенділер жұмылдырылды. Орталық психологы, Ташкент мемлекеттік медицина университеті Шыршық филиалының “Әлеуметтік пәндер” кафедрасының оқытушысы С. Амангельдиев қатысушылармен практикалық жаттығулар өткізіп, травмадан кейінгі жағдайды жеңу, эмоционалдық тұрақтылықты қалпына келтіру және стрессті басқару тәсілдерімен бөлісті. Сонымен қатар заңгер Н. Ниязов әйелдерге құқықтық кеңес берді.

    Жоба жетекшісі, “Гармония” орталығының басшысы А.Тешебаева атап өткендей, мұндай іс-шаралар әйелдердің қоғамдағы белсенділігін арттыруға, олардың психологиялық тұрақтылығын нығайтуға және қауіпсіз әрі салауатты орта қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам болды.

    Аталмыш жоба аясында Ташкент облысының Бөке, Жоғары Шыршық және Қыбырай аудандарында 500-ден астам әйел түрлі шараларға қатысады. Оның ішінде 200 әйел мен 100 балаға жеке психологиялық көмек көрсетіледі, ал 150-ден астам әйелге құқықтық кеңес беріледі. Сонымен қатар 10 түрлі семинар, тренинг ұйымдастырылып, қатысушылар психологиялық тұрақтылық, құқықтық білім беріледі, сондай-ақ 15 әйелге өз кәсібін бастау үшін құрал-жабдықтар әперіледі.

    Жоба барысында махалла жүйесі, мемлекеттік органдар және азаматтық қоғам институттарымен тығыз ынтымақтастық орнатылып, әйелдер мен балалардың сау әрі қауіпсіз ортада өмір сүруі мен әлеуметтік қолдауға ие болуы үшін жағдай жасалуда.

    Тренинг соңында қатысушылар өз әсерлерімен бөлісіп, мұндай практикалық кездесулер олардың ішкі тұрақтылығы мен өмірлік белсенділігіне оң ықпал ететінін атап өтті.

    Айгүл ТЕШЕБАЕВА,

    Ташкент облыстық “Гармония” орталығының басшысы.

    No date selected
    December 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates