Шынайы да ашық диалог рухында өткен кездесуде Редакция қызметі, ақпараттық шабуыл күннен-күнге артып, әлемде қауіпсіздікке қатер төніп тұрған жағдайда бейтарап ақпаратқа деген қажеттілік бұрынғыдан да күшейе түскені туралы пікірлесті.
Кездесуде жаңа Өзбекстанды құру және Үшінші Ренессанс идеясын жүзеге асыру мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылып жатқаны да айтылды. Мемлекет басшысы бұл үдерісте бұқаралық ақпарат құралдарының алатын орны ерекше екенін үнемі айтып, мойындап келеді. Осы тұрғыдан алғанда, бүгінгі журналистердің алдында үлкен міндеттер тұр.
«Янги Узбекистан» және «Правда Востока» газеттері елімізде жүзеге асырылып жатқан ауқымды реформалар мен оның жарқын нәтижелерінің арқасында халқымыздың қуанышы мен мұң-мұқтажын қалың оқырманға жеткізу арқылы өткен қысқа кезең барысында үлкен аудиторияны қамтып алғаны, талдау-сыни мазмұндағы мақалалармен бүгінгі реформалар нәтижелілігіне лайықты үлес қосып келе жатқандығы айтылды
Бүгінгі таңда редакция тек газет шығарып қана қоймай, интернет, әлеуметтік желілерде де заманалық, үлкен мүмкіндіктерге ие технологиялар көмегінде қызмет көрсетуде. Атап айтқанда, www.yuz.uz веб-сайты, yuz_official телеграм каналы, Instagram, YouTube, Facebook сияқты платформаларда да өз оқырмандары бар. Бұл платформалар жедел ақпаратпен, талдау материалдармен, бейне сұхбаттар беріп барады және оларды әр күні жүздеген, мыңдаған оқырмандар бақылайды. Сондай-ақ, редакция ұжымы бір мезгілде интернет-телевидение бағытында да жұмыс жүргізуде. Олардың өзекті тақырыптарда талдау сұхбаттарын ұйымдастырып, ғаламтор арқылы оқырмандар назарына түскені де шындық.
Редакцияның тағы бір ерекшелігі еліміздегі ең көне басылым – «Правда Востока» мен ең жас басылым – “Янги Ўзбекистон” газеттері бірлігінде көзге түседі. Бұл жаңа Өзбекстанда тарихқа құрмет рухының жоғары бағаланып, озық тәжірибелер үйлескенінің дәлелі.
Кездесу соңында студент-жастар мен ұстаздарға редакцияның естелік сыйлықтары таратылды.