Бұл сақтық шарасы ретінде жасалып жатыр.
Қайтарылып алынған өнімдерге тез ерітілген сүт пен қышқыл сүттің құрғақ қоспалары, сондай-ақ аминқышқылдарына негізделген арнайы емдейтін құрғақ қоспалардың белгілі бір партиялары кіреді.
Атап айтқанда, келесі өнімдер кері қайтарылады:
NAN 1 OPTIPRO – кейбір партиялар;
NAN 2 OPTIPRO – кейбір партиялар;
NAN Kislomolochniy (0–12 ай) – 1 партия;
NAN Supreme (0–12 ай) – 1 партия;
ALFARÉ Amino – кейбір партиялар.
Nestle компаниясы сыртқы жеткізушіден алынған шикізатта (арахидон қышқылы) цереулидті токсиннің болуына байланысты ықтималды қауіпті анықтады. Нәтижесінде компания әлем бойынша белгілі бір партияларды өз еркімен қайтарып алу туралы шешім қабылдаған.
Бұл ингредиенттің мөлшері өте аз болып, Өзбекстанда азық-түлік өнімдерінде цереулид токсиніне қатысты нормативтік талаптар жоқ. Соған қарамастан, компания ықтимал қауіптердің алдын алу үшін бұл шараны 2026 жылдың 5 январынан бастап жүзеге асыруда.
Nestle Food бұл туралы тиісті реттеуші органдарды хабардар етті және тұтынушыларға қажетті ақпаратты беруге дайын екенін жеткізді.
Көрсетілген партиялардағы өнімдерді сатып алған тұтынушылар оларды компания белгілеген тәртіппен қайтара алады. Қосымша ақпарат алу үшін тұтынушыларды қолдау қызметіне +998 78 120 20 55 телефоны арқылы хабарласу ұсынылады.
Кері қайтарып алу тек жоғарыда аталған шектеулі партияларға қатысты және Өзбекстанда сатылатын басқа партияларға немесе Nestle компаниясының Өзбекстанда сатылып жатқан басқа балалар тағамы өнімдеріне тиісті емес.