Кеше, 12 сентябрь мойнақтықтар  үшін ерекше қуанышты күн ретінде тарихта қалды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай,әуеқатынаудың Нөкіс-Мойнақ-Ташкент бағыты бойынша алғашқы рейстер жүзеге асырылды.

Осы күні әуе компаниясының алғашқы рейсі бойынша Нөкістен Мойнаққа 22, Мойнақтан Нөкіске 35 жолаушы тасымалданды.

– Президентіміздің мойнақтықтарға деген ерекше сүйіспеншілігі мен жоғары ілтипаты баршамызды қуантады, – дейді кейуана Ұлбосын Тұрымбетова. – Бүгінде өміріміз түбегейлі өзгерді, тіршілік қарқыны жүрегімізді мақтаныш сезіміне бөледі. Мойнақ әуежайы да үлкен-кішінің көңілінен шықты. Бүгін біз жаңа әуеқатынауының алғашқы жолаушыларымыз. Бұл үшін Президентімізге алғысымыз шексіз. Лайым, өмірімізде болып жатқан жақсылықтар жалғасын таба берсін.

Нөкіс-Мойнақ-Ташкент бағыты бойынша аптасына бір рет қатынау жүзеге асырылуы жоспарлануда.