Ереже нотариус тарапынан жеке немесе заңды тұлғаның өкілі нотариалдық кеңселерге келе алмаған кезде бейнеконференцбайланыс арқылы қашықтан нотариаттық іс-әрекеттер жасау тәртібін белгілейді.

Ережеге сәйкес, нотариалық іс-әрекеттер бейнеконференцбайланыс  режімінде E-notarius.uz ақпараттық порталы және Notarius автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы расталады.

Өтініш беруші бейнеконференцбайланыс арқылы нотариаттық іс-әрекеттер жасаудың электрондық желісін пайдалану шарттарымен танысады және оның келісімін растайды.

Өтініш беруші электронды желіде бекітуді сұрайтын нотариаттық іс-әрекеттің атауын нақты көрсетіп, қажетті мәліметтерді толтырады.

Нотариус өтінішті алған күннен бастап 1 жұмыс күні ішінде қарап, кемшіліктердің бар-жоғы туралы хабарлама жібереді.

Нотариуспен жеке сөйлесу кезінде нотариаттық іс-әрекетке қатысушылар орналасқан жерде басқа адамдар болмауы, олар орналасқан жер шусыз, жарықтандырылған, бейнесурет анық болуы тиіс.

Нотариаттық іс-әрекеттің жобасы қол қоюға дайын болғаннан кейін нотариус тараптарға олардың құқықтары мен міндеттерін, жасалып жатқан нотариаттық іс-әрекеттің мазмұны мен салдарын түсіндіреді.