Нөкіс қаласында болған жаппай тәртіпсіздіктер хронологиясы қандай болды?

    Қарақалпақстан Республикасы аумағының комендатурасы Нөкіс қаласында болған жаппай тәртіпсіздіктер хронологиясы туралы мәлімет берді. Сол күнгі оқиғаларды бейнелейтін бейнеролик көрсетілді.

    Құрметті оқырман, сіз оқиғаның жай-жапсарымен әлеуметтік желі, теледидар, газеттер арқылы таныссыз. Соған қарамастан, соңғы әрі сенімді ақпаратқа сүйенсек, 1 июль күні сағат 14:00-де «Құм ауыл» МАЖ-да орналасқан «Салмен ата» мешітінде жұма намазды оқып шыққан азаматтарға өзін Давлетмурат Тажимуратов деп таныстырған азаматтың жаппай тәртіпсіздік басталғанын айта аламыз. Ол 5 июль күні сағат 17:00-де бейбіт тұрғындарды митингке шақырады.

    Бұл шақыру жазылған бейнені сол кездің өзінде-ақ Дәулетмұраттың жақтастары ғаламторға салып, кеңінен таратқан.

    Қала қақпасыз емес. Заңсыз мінез-құлық, әсіресе бұл қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тыныштықты қамтамасыз ететін болса, дереу шара қолданылады. Сондықтан құқық қорғау органы жауапты қызметкерлері Даулетмурат Тажимуратовтың халықты митингке шақырудағы мақсатын анықтау және митинг өткізу тәртібін түсіндіру мақсатында оны Нөкіс қалалық ішкі істер органдары қызметін жетілдіру бөліміне әкеледі.

    Осыдан кейін, 20-25 азамат «Дәулетмұрат Тәжімұратов қамауға алынды» деген жалған түсінікпен Қарақалпақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне қарасты 2- тергеу изоляторының алдына жиналады және «Мир» көшесі мен Т.Қайыпбергенов көшесі арқылы қаланың орталық диқан базарына дейін наразылық шеруін өткізеді.

    Жол-жөнекей олар басқа азаматтарды да өздерімен бірге жүруге шақырады және шерушілер саны көбейеді. Сол кезде азаматтарды тыныштандыру үшін тиісті шаралар қарастырылып, сол жерге Қарақалпақстан Республикасы Жоқарғы Кенгесінің төрағасы М.Камалов, Қарақалпақстан ішкі істер министрі А.Орынбаев, тағы басқа басшылар жетіп келеді. Олар заңсыз шерушілермен сұхбаттасып, талаптарын тыңдайды.

    Тәртіпсіздікке қатысушылар азамат Д.Тәжімұратовты осында әкелуді талап етеді. Бұл өтініш орындалды. Шерушілер жинаған халықты пайдаланып, Жоқарғы Кенгес Төрағасының қызмет көлігінің төбесіне Д.Тәжімұратовты шығарады да оған шапан кигізіп, оның жаңа басшы екенін жарияламақшы болады.

    Жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырушылармен жүргізілген келіссөздерге қарамастан, олар қолданыстағы мемлекеттік құрылымды Конституцияға өарама-қарсы жаққа өзгерту, билікті тікелей басып алу және заңмен тағайындалған билік өкілін орнынан алу мақсатында Қарақалпақстан Республикасы Жоқарғы Кенгесінің ғимаратына қарай жылжиды.Олар қозғалыс кезінде ағаш таяқтарды, тастарды, темір заттарды көтеріп, әскери қызметкерлерге белсенді түрде қарсылық көрсетеді. Сондай-ақ тәртіпбұзушылар әскери қызметкерлердің заң талаптарына мойынсұнбай, арнайы техникасын тартып алуға әрекеттенеді.

    Шұғыл қабылданған шаралар нәтижесінде жалпы тәртіпсіздік қатысушылары таратылады. Бірақ бұл кезде азаматтар Қарақалпақстанның басқа аудандарында жиналып, Нөкіс қаласына қарай жылжи бастаған еді. Шерушілердің бір бөлігі түсіндіру істері жүргізілгеннен кейін тарап кетеді, ал қалғандары қылмыстық элементтер тарапынан шақырылғандар, Нөкіс қаласына қарай қозғалысын тоқтатпайды.

    Өзбекстан бейбітсүйгіш мемлекет, өз халқын және азаматтарын кез келген жағдайда, мейлі ол шет елде болсын, қорғауға қабілетті.

    Қарақалпақстанның кейбір аудандарында бір мезгілде басталған жаппай тәртіпсіздіктер мен мемлекеттік басқару бірлігін бұзбақ болған әрекеттер тез, заңсыз күш қолданбай жойылғаны да пікіріміздің дәлелі.

    Осы тұста бұл жаппай тәртіпсіздіктерге шындап дайындық жүргізілді ме, әлде оны басқарған күштер кім болды, деген сауалдардың туындауы заңды. Қарақалпақстан Республикасының аумағы комендантурасының жауапты қызметкерлерінің хабарлауынша, жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырушылар ретінде күдіктілер ұсталып, тергеу амалдары басталды. Жақын арада барлық жайттар анықталып, қылмыстық топ пен кінәлілер тиісті жазасын алады деп ойлаймыз. Оған еш күмән жоқ. Өйткені бізде заң үстемдігі болғандықтан, қылмыс үшін жаза міндетті.

    No date selected
    November 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates