Мәдени мұра агенттігі ақпарат қызметінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың июнь-июль айларында Самарқант археологиялық институтының «Жартас суретін зерттеу тобы» тарапынан археологиялық зерттеулер жүргізілген.
Бұл жоба аясында Нұрата тау жоталарының Ақтау, Ғубдинтау және Қарақшытау тауларынан ағып түсетін сай салаларда орналасқан Қарақысымақсай, Жетімсай, Аламлисой, Андоқсой, Ақмоласай, Куюкдара, Бургансой, Жизмонсой және Сангижумонсой баурайындағы жартас суреттері заманалық әдістер негізінде зерделеніп, тіркелді.
Зерттеу барысында ежелгі адамдардың әлеуметтік-экономикалық өмірін, наным-сенімдерін, дүниетанымын, жануарлар әлемі туралы түсініктерін көрсететін көптеген бейнелер анықталды.
Бұл суреттердің арасында адамдар, ежелгі бұқалар мен сиырлар, арыстан, бұғы, тау ешкісі, жылқы, құлан сияқты жабайы аңдар бейнеленген. Әсіресе, тау ешкілерінің жүгіруі мен оларды қуып бара жатқан арыстан көрінісі ерекше назар аудартады. Жартастағы суреттер ежелгі адамдардың өмір салтын, шаруашылық қызметін, діни наным-сенімдерін зерттеуде маңызды ғылыми дерек болып табылады.


