Заңмен Қылмыстық кодексіне ғимараттар мен кешендерді пайдалануға қатысты рұқсат беру және оларды пайдалануға қабылдау ережелерін бұзғаны үшін, қала құрылысы саласындағы өкілетті мемлекеттік органдардың рұқсатынсыз нысандарды салуы, заңдылықты бұзып көппәтерлі үйлердегі тірек конструкцияларын өзгерту және реконструкция жасау, сондай-ақ ғимараттар мен кешендерді тұрғындар пункітінің бекітілген бас жоспарларын, оларды жоспарлау мен құру жобаларын бұзып жобалау, реконструкциялау мен құрғаны үшін жауапкершілікті көздейтін өзгерістер енгізілуде.
Бұл қылмыстық жауапкершілік айыпты тұлғалар осы құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғаннан кейін туындайды. Адам өліміне немесе басқа да ауыр салдарға себеп болған түрде қала құрылысы туралы заңнаманы бұзғаны үшін жеке қылмыстық жауапкершілік енгізілуде.
Сондай-ақ, көппәтерлі тұрғын үйлердегі тірек конструкцияларын өзгерту және реконструкциялауға байланысты қылмысты бірінші рет жасаған болса және жүзеге асырылған өзгерістермен бұзғандығы, сондай-ақ олардың салдарын өз еркімен жойған адам жауаптылықтан босатылуы мүмкін деп көзделуде.
Әкімшілік жауапкершілік туралы кодекс жобалық ұйымдардың авторлық бақылауын жүзеге асыру барысында берілетін бағдарлар тапсырысшылар тарапынан орындалмағандық, сондай-ақ нысандарды сарапшы ұйымдардың қала құру құжаттарына қатысты оң қорытындысынсыз салғаны үшін жауапкершілікті белгілейтін нормалармен толықтырылды.
Сондай-ақ қала құрылысы саласындағы ереже бұзушылықтар үшін салынатын айыппұл көлемін арттыру қарастырылған.
Заң ресми жарияланғаннан күннен кейін 3 ай өткен соң күшіне енеді.