Жарлықпен 2023-2026 жылдарға арналған сот жүйесін сапа жағынан жаңа басқышқа көтерудің қысқа мерзімді стратегиясы бекітілді.
Стратегия аясында соттар қызметін толық цифрландыру, жасанды интеллект технологияларын енгізу, кеңсеаралық электронды ақпарат алмасуды жетілдіру, сот мәжілістеріне қашықтықтан қатысу мүмкіндіктерін кеңейту әділ соттауды қамтамасыз етудің міндеттерінің бірі ретінде белгіленді.
Жарлыққа сәйкес, сотқа құрметсіздік жасау жағдайларының алдын алудың тиімді механизмдерін әзірлеу, ол үшін әкімшілік жауапкершілік шараларын күшейту және қылмыстық жауапкершілікті белгілеу шаралары белгіленеді.
Төмендегілер Әділ соттауды жүзеге асыруға көмектесу бойынша мамандандырылған прокурорлар корпусы етіп белгіленді:
▫️Бас прокурорлардың қылмыстық, азаматтық, экономикалық және әкімшілік сот істерін қарау кезінде прокурордың өкілеттігін қамтамасыз ету басқармалары;
▫️Қарақалпақстан Республикасы, облыстар және Ташкент қаласы прокуратураларының қылмыстық, азаматтық, экономикалық әкімшілік сот істерін жүргізуде прокурор өкілетін қмтамасыз ету бойынша тиісті бөлім және тармақтары;
▫️ аудан (қала) прокурорларының аталмыш бағыттар бойынша тиісті орынбасарлары мен көмекшілері.
Жоғарғы Сот жүйесінде Сот-құқық саласындағы заңдылықты талдау басқармасы енегізінде Әділ соттау саласындаөы заңдылықты талдау департаменті құрылады.
Сондай-ақ, 2023-2026 жылдарға арналған сот жүйесінің ақпараттық саясат концепциясы әзірленетін болады.