АИИБ Ауыл шаруашылығы инфрақұрылымдық жобаларына инвестиция салады

    Өзбекстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі Азиз Войтовтың Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің (АИИБ) инвестициялық операциялар бойынша вице-президенті Константин Лимитовскимен кездесуі өтті.

    Тараптар ауыл шаруашылығы саласындағы инфрақұрылымдық жобаларды инвестициялау бойынша ынтымақтастықтың мүмкін болған бағыттарын талқылады. Олардың арасында жерді игеру, электр энергетикасы, күн энергиясы, агрологистика және басқа да бағыттар орын алған, деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.

    — Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі Өзбекстанда көптеген жобаларды жүзеге асыруда. Қазір жүзеге асырып жатқан жобаларымыз негізінен жаңа жұмыс орындарын ашуға, кәсіпкерлерді қолдап-қуаттауға бағытталған. Ауыл шаруашылығы инфрақұрылымы – ерекше назар аударуды қажет ететін бағыт, – деп айтты Азиз Воитов.

    Қазіргі уақытта республикамен ынтымақтастық бағыттары негізінен Өзбекстанның инклюзивті және тұрақты базар экономикасына өтуге бағытталған үш стратегиялық мақсатқа қаратылған:

    - жекеменшік салада инклюзивті жұмыспен қамтуды арттыру;

    - инфрақұрылымды инвестицияларды жүзеге асыру арқылы халықтың әл-ауқатын арттыру және байланыстарды жақсарту;

    - энергетика саласына инвестиция салу арқылы әл-ауқаттылық пен тұрақты дамуды арттыру.

    Дегенмен, Константин Лимитовский айтқандай, АИИБ жобаларының портфелінде ауыл шаруашылығы инфрақұрылымына қатысты болғандары да бар.

    – Қарақалпақстан Республикасы, Бұхара облысы және Хорезмде жергілікті маңызы бар су және жолдар бойынша ірі бағдарламаларды жүзеге асырудамыз. Сондай-ақ агрологистикалық орталықтарды қаржыландыруда да тәжірибеміз бар. Сондықтан біз ауыл шаруашылығы саласына жақындадық», - деді кездесуде Константин Лимитовский.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates