Болжам бойынша өсу 77 пайыз яғни шамамен 35 миллион қатерлі ісік ауруына шалдығуға байланысты жаңа жағдайлар. Өз кезегінде, ғалымдар бұл ауруды тудыратын факторларды атап өтті.
«Ауаның ластануы, әсіресе пайдаланылған газдардың ұсақ бөлшектері өкпеге терең еніп, альвеолалар деп аталатын, оттегі мен көмірқышқыл газы алмасатын кішкентай ауа қапшықтарына жетуі мүмкін. Мұнда олар қабынуды тудырады және жасушалардың жұмысын бұзады, қатерлі ісікке әкеледі. Бұл өкпенің қорғаныс механизмдері кездейсоқ ісіктің пайда болуына әкелетін тізбекті реакцияны тудыратын нәзік, бірақ қауіпті үдеріс», - дейді зерттеушілер.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, бұған қоршаған ортаның ластануынан тыс, халық санының өсуі де әсер етеді, өйткені онкологиялық аурулардың саны да артып келуде.
Темекі мен алкоголь ісік ауруын тудыратын факторлардың бірі, деп хабарлайды korrespondent.net.