Ұлттық статистика комитетінің мәліметіне сәйкес, өткен жылдың
осы кезеңімен салыстырғанда көрсеткіш шамамен 111,6 мың адамға немесе 7%-ға
артқан. Бұл халық мобильділігінің дәйекті
түрде өсіп, сапар географиясының кеңейіп келе жатқанын көрсетеді.
Көршілес мемлекеттер
мен дәстүрлі туристік орталықтар ең танымал бағыттарға айналды. Ең танымал
ондыққа келесі елдер кірді:
Қырғызстан
— 660 мың 579 адам;
Қазақстан — 284 мың 24 адам
Тәжікстан
— 282 мың 40 адам;
Сауд
Арабиясы — 136 мың 60 адам;
Ресей —
88 мың 267 адам;
Түркия —
52 мың 199 адам;
БАӘ — 28
мың 125 адам;
Қытай —
15 мың 844 адам;
Таиланд —
13 мың 839 адам;
Мысыр —
12 мың 186 адам.
Сарапшылардың
айтуынша, көршілес мемлекеттерге сапарлардың жоғары үлесі белсенді
сауда-экономикалық және гуманитарлық байланыстармен түсіндірілсе, ал алыс шетел бағыттарына қызығушылықтың
артуы әуе қатынаулары мен туристік ұсыныстардың
кеңеюімен байланысты.
Жалпы
алғанда, өзбекстандықтардың шетелдік сапарларындағы қарқынды өсім елдің
ашықтығының нығаюын, халықтың әл-ауқатының артуын және халықаралық
байланыстардың кеңеюін көрсетеді. Бұл өз кезегінде туризм мен іскерлік
белсенділіктің одан әрі дамуына ықпал етеді