Олий Мажлис Сенаты Төрағасының бірінші орынбасары Ұлыбритания ғалымдарымен кездесулер өткізді

    Үстіміздегі жылдың 11-12 сентябрь күндері Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенаты Төрағасының бірінші орынбасары С. Сафоев Ұлыбританияға сапары барысында Халықаралық стратегиялық зерттеулер институты мен Оксфорд исламдық зерттеулері орталығының өкілдерімен кездесулер өткізді.

    Дөңгелек үстел форматында өткен кездесулер барысында Өзбекстанның сыртқы саясатының басым бағыттары, Орталық Азиядағы аймақтық ынтымақтастық мәселелері, сондай-ақ елімізде жүзеге асырылып жатқан демократиялық және базар реформалары талқыланды. Алдағы парламенттік сайлауға және өзекті аймақтық проблемаларға ерекше назар аударылды.

    Ұлыбританиялық сарапшылар Өзбекстан Президенті Ш. Мирзияевтың басшылығымен жүзеге асырылған реформаларды жоғары бағалап, олар тек Өзбекстанның ғана емес, бүкіл Орталық Азия аймағының тұрақтылығы мен дамуына үлкен әсер ететінін атап өтті.

    Кездесулердің қорытындысы бойынша Өзбекстан мен Ұлыбританияның талдау орталықтары арасында Өзбекстанда жүзеге асырылып жатқан реформалардың өзекті мәселелері және Орталық Азиядағы аймақтық даму бойынша бірлескен зерттеулер, семинарлар мен конференциялар өткізу арқылы практикалық ынтымақтастықты дамыту туралы келісімдерге қол жеткізілді, деп хабарлайды Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates