Шавкат Мирзияев Алмалық тау-кен металлургия комбинатына барды

    Билік 29 Iyul 2021 3579

    Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 29 шілдеде Алмалық тау-кен металлургия комбинатының «Ёшлик-1» кен орнына барды.

    Алмалық тау-кен металлургия комбинаты ашық және жерасты кен орындары, металлургия және цемент зауыттары, инфрақұрылым нысандарының кең спектрін біріктіретін алып өнеркәсіптік кешені саналады.

    Атаулы комбинат елдегі өнеркәсіптік өнімнің 7% және экспорттың 15% құрайды. Соңғы жылдардағы жасалған жағдай нәтижесінде жаңа кен орындары ашылып, өндіріс одан әрі ұлғайтылды.

    «Ёшлик-1» кен орнын игеруге арналған инвестициялық жоба - соның бірі болып, ол Өзбекстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 1 наурыздағы жарлығына сәйкес басталған жоба құны 4 млрд 894 млн долларды құрайды.

    Мемлекет басшысына кен орнының әлеуеті және оны дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпарат берілді.

    11 мың гектар аумақты алып жатқан кен орнында жылына 65 миллион тонна өнім қазып алынады. Алдағы уақытта 60 миллион тонна мыс-молибден рудасын өңдейтін 3-ші мыс байыту фабрикасы салынады. Сондай-ақ әк зауыты, қуаты 650 мегаватт электр желісі және басқа да инфрақұрылым нысандары салынады.

    Жобалар аясында соңғы төрт жылда 83 миллион текше метрден астам заманауи геологиялық зерттеулер мен қазба жұмыстарын жүргізіліп, құны 415 миллион доллар тұратын 570-тен астам арнайы техника тартылды.

    Осынау үлкен жобаны 2024 жылы іске қосу жоспарланып, жалпы 6 мың жұмыс орнын ашу көзделген.

    No date selected
    March 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates