Алтын мен бағалы металдарды заңсыз қазып алу жағдайына жол берілмейді

    Қауіпсіздік 28 Noyabr 2023 1024

    Үстіміздегі жылдың 28 ноябрьде Олий Мажлис Сенатының Қорғаныс және қауіпсіздік мәселелері комитетінің мәжілісінде ер асты учаскелерінде алтын іздекшілер әдісінде бағалы металдарды қазып алуда заң шығару құжаттарына мойысұну жағдайлары туралы Өзбекстан Республикасының Тау-кен өнеркәсібі және геология министрлігі, Төтенше жағдайлар министрлігі, Ішкі істер министрлігі, Тау-кен, геология және өнеркәсіп қауіпсіздігін бақылау инспекциясы жауапты басшы қызметкерлердің ақпараттары тыңдалды.

    Сондай-ақ, Комитеттің осы салада жүргізген зерттеулерінің нәтижелері талқыланды.

    Жүргізілген зерттеулер, тұрғындармен тікелей сұхбаттар, заң құжаттарының орындалу жағдайы мен құқығын қолдану тәжірибесін талдау саласында бірқатар мәселелер мен кемшіліктердің бар екенін көрсетті.

    Атап айтқанда, алтын мен бағалы металдарды заңдытүрде қазып алудың артықшылықтары туралы құзіретті органдар насихаттау істерін жеткілікті деңгейде жүргізілмегендіктің нәтижесінде Ташкент, Наманган, Жызақ, Науаи, Бұхара және Самарқант облыстарында тұрғындардың ашық алаңдарда алтын мен бағалы металдарды заңсыз қазып алу жағдайлары жылдан-жылға көбейіп барады.

    2020 жылы алтын мен бағалы металдарды заңсыз қазып алу фактілері бойынша 34 әкімшілік іс қозғалса, 2021 жылы бұл көрсеткіш 463-ті, 2022 жылы 1500-ді құрады.

    2021-2022 және 2023 жылдың 10 айында ашық алаңдарда қазып алу жұмыстарын жүргізу кезінде газдан немесе құм-тас басып қалып, қауіпсіздік талаптарын сақтамау салдарынан 30-ға жуық азамат қаза тапты.

    Сонымен қатар, бүгінде 102 жеке тұлға бірнеше рет бағалы металдарды заңсыз қазып алумен айналысқан.

    Бұдан тыс, «НҚМК» АҚ, «ОКМК» АҚ және т.б тарапынан қорда тұрған шахта мен карьерлер қоршалмаған және күзетілмеген.

    Тау-кен өнеркәсібі мен геология министрлігінің аумақтық экспедициялары тарапынан шахталарды жоба бойынша жұмыс аяқталғаннан кейін орнатылған тәртіпте толығымен жабу шаралары жасалмаған.

    Кен тастарындағы бағалы металдардың мөлшерін анықтау бойынша сараптама жүргізу туралы нормативтік-құқықтық құжат жоқ.

    Талқылаулардан соң Комитет Өзбекстан Республикасы Министрлер Кабинетіне тиісті министрлік пен кеңселерді жұмылдыра отырып, саладағы кемшіліктер мен пролмлемаларды жою туралы бірқатар ұсыныстар алға қойылды.

    Атап айтқанда, Әкімшілік жауапкершілік туралы және Қылмыстық кодекстеріндегі тиісті жауапкершілік шараларын қайта қарау, оларды жетілдіру бойынша тапсырмалар берілді.

    Сондай-ақ, халық депутаттары Ташкент, Наманган, Жызақ, Науаи, Бұхара және Самарқант облыстары, аудандық (қалалық) Кеңестеріне алтын барлаушылары әдісінде бағалы металдарды заңсыз қазып алу жағдайларының алдын алу бойынша жүргізілген істердің барысын аумақтық жаупты кеңселердің басшыларын тарта отырып, тұрақты түрде сыни талқылау ұсынылды, деп хабарлайды Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.

    Шара соңында Қорғаныс және қауіпсіздік мәселелері комитетінің аталмыш ұсыныстар көрсетілген қаулы қабылданды.

    No date selected
    May 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates