Өзара сұхбат барысында Финляндия елшісі Омбудсман институтының міндеттері мен қызметінің негізгі бағыттарымен, сондай-ақ Өкілдің 2021 жылғы қызметімен таныстырылды.
Сондай-ақ, елімізде адам құқықтарын қамтамасыз ету, тұрғындардың өніштерімен жұмыс істеу үдерісіне жаңа механизмдердің енгізілуі, азаптауларды болдырмау, ашықтық пен жариялылықты қамтамасыз ету, сөз бостандығын нығайтуда атқарылған жұмыстар талқыланды.
Илкка Ряйсянен, Финляндияның Өзбекстандағы Төтенше және өкілетті елшісі:
«Бұл менің Өзбекстанға бірінші сапарым. Біз Өзбекстанда адам құқықтары саласындағы жүргізіліп жатқан реформаларды, атап айтқанда, ашықтық саясатын қолдайтынымызды атап өткім келеді. Бұл, әрине, халықаралық қауымдастықпен, соның ішінде Еуропа елдерімен ынтымақтастықты нығайтуға жаңа мүмкіндіктер туғызады. Финляндия Өзбекстанмен тығыз ынтымақтастық жасауға дайын.
Омбудсман офисіндегі кездесуіміз өте нәтижелі өтті. Болашақта адам құқықтары саласында жақыннан ынтымақтастық жасаймыз деп ойлаймын. Болашақтағы ынтымақтастығымызды күтіп қаламыз».
Кездесу соңында ынтымақтастықты дамыту бойынша ұсыныстар айтылды, деп хабарлайды Олий Мажлистің Адам құқықтары бойынша өкілінің (омбудсман) баспасөз қызметі.