«Белсенді әйелдер» қозғалысы құрылды

    Министрлер Кабинетінің «Белсенді әйелдер қозғалысының қызметін ұйымдастыру іс-шаралары туралы» қаулысы қабылданды.

    Қозғалыстың негізгі міндеттері ретінде мыналар белгіленуде:

    - қоғамда жаңа рухани орта қалыптастыру, игі идеяларды, ұлттық құндылықтарды, әдет-ғұрыптарды, киелі дәстүрлерді сіңіруге бағытталған үгіт-насихат жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу;

    - махаллаларда жанұяларды нығайту, ата-ананың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі, үлгілі ата-ана болудың маңыздылығы, ағартушылық қоғамды құруда аналардың рөлін кеңінен насихаттау;

    -әйелдердің, әсіресе жас қыздардың бойында отбасы мен Отанға адалдық, жанқиярлық, бастамашылдық сезімдерін сіңдіруге, «әдепті қыз» және «білімді ана» бейнесін қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру;

    - перзентті, әсіресе қыз балаларды тәрбиелеу, отбасы, аналардың руханиятын жетілдіру, отбасында кітап оқу және кітап оқу мәдениетін насихаттау, өзара мейірімділік пен ауызбіршілікті қалыптастыру, отбасының тәлім-тәрбиелік әлеуетін нығайтуға көмектесу;

    - жастар арасында жанұялық-құқықтық қатынастар, отбасылық өмір психологиясы, отбасы экономикасы мен бюджеті, репродуктивтік денсаулық негіздері, рухани-ақылақтық құндылықтарға құрмет рухында болу мәселелерін және «Отбасы – қасиетті» ұғымын кеңінен насихаттау;

    - әйелдердің елімізде жүзеге асырылып жатқан реформаларға қатыстылық сезімін арттыру, оларға қабылданған заңдылық құжаттардың мәні мен маңызын халық тілінде түсіндіру.

    Қозғалыс, ереже ретінде, Комитетте - 50, сәйкесінше, Қарақалпақстан Республикасы Жанұя және әйелдер комитетінде, облыстық және Ташкент қалалық жанұя және әйелдер басқармаларында 35-40 және аудандық ( қалалық) жанұя және әйелдер бөлімдеріне – 30 белсенді және бастамашыл әйелдер құрамынан құрылатын болады.

    Бұл ретте аудандық (қалалық) жанұя және әйелдер бөлімдері әрбір махаллада 15 белсенді және бастамашыл әйелдерден құралған Қозғалыстың бастапқы топтарын ұйымдастырады;

    Комитет төрағасы, Қарақалпақстан Республикасы Жанұя және әйелдер комитетінің төрағасы, облыстар мен Ташкент қалалық жанұя және әйелдер басқармалары, аудандық (қалалық) жанұя және әйелдер бөлімдердің басшылары тиісінше Комитет, Қарақалпақстан Республикасының Жанұя және әйелдер комитеті, облыстар мен Ташкент қаласында, аудандарда (қалаларда) «Белсенді әйелдер» қозғалысының қызметін тиімді ұйымдастыруға жеке жауапты саналады;

    Қозғалыс пен оның бастапқы топтары құрамына енген белсенді де бастамашыл әйелдер Қозғалыс тарапынан «Марифат» үгіт-насихат қоғамымен бірлесе отырып, махаллада әлеуметтік-рухани ортаны қалыптастыру, перзент тәрбиесі, отбасы және әйелдердің руханиятын жетілдіру бағытында жүзеге асырылған істердің тиімділігіне орай жеке және заңды тұлғалардың демеушілік қайырымдылықтары, заң құжаттарында тыйым салынбаған басқа көздердің есебінен ынталандырылады.

    Мұнда белсенді әрі бастамашыл әйелдер қызметінің нәтижесі бойынша тиісінше Комитет төрағасы, Қарақалпақстан Республикасы, Жанұя және әйелдер комитеті төрағасы, облыстар мен Ташкент қалалық жанұя және әйелдер басқармалары, аудандық (қалалық) жанұя және әйелдер бөлімдері бастықтарының ұсынысы негізінде мемлекеттік сыйлықтар, “Мўътабар аёл”, “Маҳалла ифтихори”, “Меҳнат фахрийси” төсбелгілермен, тағы басқа да естелік, төсбелгілер, кеңселік сыйлықтарға ұсынылуы, сондай-ақ санаторийлерде емделу үшін жолдамалар берілуі мүмкін.

    Қозғалыс құрамына енген белсенді әрі бастамашыл әйелдер арасынан дауыс беру жолымен Қозғалыс (бастапқы топ) жетекшісі сайланады.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates