Әйелдердің жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету, оларды кәсіпкерлікке тарту мәселелері талқыланды

    2025 жылдың 4 февраль күні Олий Мажлис Сенатында Әйелдер мен қыздардың қоғамдағы рөлін арттыру, гендерлік теңдік және отбасы мәселелері жөніндегі республикалық комиссияның мәжілісі өтті.

    Мәлісті Олий Мажлис Сенатының Төрайымы, Комиссия төрайымы Танзила Нарбаева жүргізді.

    Онда мемлекет басшысының әйелдерді кәсіп-өнер мен кәсіпкерлікке оқыту және оларды жұмыспен қамтуға көмектесу туралы белілеп берілген міндеттердің орындалу барысы талқыланды.

    Атап өткендей, елімізде әйелдерді жан-жақты қолдап-қуаттау, белсенділігін арттыру, оларға қажетті жағдай жасау бойынша жүзеге асырылған істер, әсіресе, кембағалдықты қысқарту, әйелдерді жұмыспен қамту, кәсіпкерлікке тарту бағытында маңызды шаралар атқарылуда.

    Соңғы жылдары бұл бағыттағы құқықтық негіздерді нығайту мақсатында 100-ге жуық нормативтік құқықтық құжат қабылданып, жүзеге асыруға бағытталды.

    Атап айтқанда, республикада Сенат төрағасының жетекшілігімен Янгиол ауданына қарасты Қырсадақ кентінің тәжірибесі негізінде әйелдерді кәсіпке және кәсіпкерлікке баулу және олардың жұмыспен қамтылуын қолдаудың жаңа жүйесі іске қосылды.

    Нәтижесінде 2024-2025 жылдарға арналған іс-шаралар бағдарламасы әзірленіп, жүзеге асыруға бағытталды.

    Тіктелу және дамыту қорының ресурсынан әйелдер кәсіпкерлігі жобаларын қаржыландыру бойынша мақсатты көрсеткіштер белгіленді.

    Осыған орай, Халық банкі, Микрокредитбанк, Бизнесті дамыту банкі арқылы әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға қатысты 250 ұсынылған бизнес-жоба әзірленді.

    Бұдан тыс, “Жобалар фабрикасы” электронды платформасы іске қосылып, пайдаланушыларға ұсынылған бизнес-жобалармен, секторлар бойынша бөлінген несие шарттарымен танысу, несиелерді онлайн рәсімдеу мүмкіндігі жаратылды.

    Белгіленген тапсырмалар мен мақсатты көрсеткіштердің дер кезінде және сапалы орындалуына, сондай-ақ жер-жерлерде анықталған проблемалардың жедел шешуіне көмектесуде Олий Мажлис Сенатының мүшелері, Республикалық комиссия мүшелері облыстарға, жергілікті Кеңес депутаттары аудандарға, қалаларға, махаллаларға біріктірілді.

    Соның нәтижесінде 2024 жылдың өзінде 251,4 мың әйел тұрақты жұмысқа орналастырылды, 54,5 мыңы қоғамдық жұмыстарға тартылса, 177,1 мыңы кәсіпке, 147,3 мыңы кәсіпкерлікке оқытылды.

    Сонымен бірге 55,1 мың әйелге 289 миллиард сум субсидия бөлініп, олардың жұмыспен қамтылуы қамтамасыз етілді. 206,6 мың әйелге кәсіпкерлік қызметін жолға қою және кеңейту мақсатында 3 триллион 472 миллиард сум жеңілдетілген несие бөлінді.

    Мәжілісте атқарылған оңды істермен қатар әйелдерді жұмыспен қамту бағытында берілген кейбір тапсырмалардың орындалуы сыни тұрғыдан талдау жасалды.

    Сонымен қатар, кейбір махаллаларда әйелдерді тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету, қоғамдық жұмыстарға тарту, махалланың драйвері бойынша кәсіптік және кәсіпкерлікке оқыту жұмыстары талап деңгейінде емес екені айтылды.

    Коммерциялық банктерге бастамашыл әйелдердің бизнес жобаларын әзірлеуге көмектесу, жобалардың жыл бойына жүзеге асырылу барысын бақылау, кәсіпкер әйелдермен үнемі байланыста болып, олардың мәселелерін шешудің маңыздылығы айтылды.

    Аталған олқылықтар жөнінде тиісті министрліктер мен кеңселерге, коммерциялық банктерге, облыс басшыларына ақпарат беріліп, оларды жою шараларын қабылдау жөнінде тапсырмалар берілді.

    Мәжілісте Республикалық комиссияның алдағы уақытта атқаратын жұмыстарына да назар аударылды.

    Атап айтқанда, бейресми жұмыспен қамтуды қысқарту, мүгедектігі болған еңбекке қабілетті жұмыссыз әйелдерге көңіл бөлу, әйелдерді еңбек базарында жоғары сұранысқа ие, жоғары табысты және заманауи кәсіп-өнерге әйелдерді оқыту аясын кеңейту, өңірлердің өсу драйверлері негізінде оларды кәсіпкерлік қызметке тарту міндеттері белгіленді.

    No date selected
    March 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates