«Арал балықтарынан жасалған 99 түрлі тағам» атты гастрономиялық фестиваль өтті

    Туризм 4 Oktabr 2023 1970

    Бүгінгі таңда, Қарақалпақстан Республикасында туризмнің бірқатар бағыттары қарқынды дамып келе жатқаны белгілі.

    Қарақалпақстанның оңтүстік облыстарында орналасқан көне қалалар мен Нөкіс қаласындағы әлемге әйгілі И.В.Савицкий атындағы мемлекеттік өнер мұражайы – тарихи-мәдени туризм, Арал теңізі мен Үстірт платосы – Экотуризм, жергілікті мәдениет пен салт-дәстүрді жарқын танытатын Шымбай қолөнершілер – Этнотуризмнің бағыттары есептеледі.

    Бұл туристік бағыттар қатарында Гастрономиялық туризмнің маңызы зор, қарақалпақ халқының дәстүрлі тағамдары өзінің дәмділігімен ерекшеленеді.

    Өзбекстан Республикасының әр аймағының өз тағамдары болғаны сияқты, Қарақалпақстанның да «Бес бармақ», «Жүгері гуртик», «Ақсаулақ», «Турама», «Мәек борек», балықтан жасалатын «Балық қарма», «Жылан балық котлеттері», «Балық» сорпа сияқты тағамдар өзінің дәмімен келген қонақтарды қуантады.

    Қарақалпақстанның гастрономиялық туристік әлеуетін кеңінен насихаттау мақсатында 2017 жылдан бері Туризм және мәдени мұра министрлігінің бастамасымен «Арал балығынан 99 түрлі тағам» атты халықаралық гастрономиялық фестиваль өткізіліп келеді. Бұл шара ұлттық балық тағамдарын насихаттап қана қоймайды, сонымен қатар жергілікті және шетелдік туристерді өңірдің басқа туристік бағыттарына тартуда.

    Кең ауқымды фестиваль ең алдымен Қарақалпақстанның бірегей туристік мекені Мойнақ ауданында басталып, кейінірек ол астанасы Нөкіс қаласында да өтті. Биыл бесінші рет ұйымдастырылып отырған фестиваль ағымдағы жылдың 29-30 сентябрь күндері Қарақалпақстан Республикасының Тахтакөпір ауданында өтті, деп хабарлайды Туризм комитетінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    November 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates