Онда Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан Президенттерінің қатысуымен өткен «Үндістан — Орталық Азия» виртуалды саммиті сауда-коммуникация, мәдени алмасу және қауіпсіздік салаларындағы ынтымақтастық мәселелерін қамтылғаны, 2021 жылдың декабрь айында қайта тіктелетін энергия көздері, цифрлы технологиялар, киберқауіпсіздік және қоғамды дамыту жобалары сияқты салаларда тоғыз келісімге қол қойылғаны айтылады.
Өзбекстан Иранның Чабахор портынан бірлесіп пайдалану мақсатында құрылған Үндістан-Өзбекстан-Иран-Ауғанстан төртжақты жұмысшы тобының мүшесі болып табылады. 2021 жылдың басында Үндістан Чабахор портын Солтүстік-Оңтүстік халықаралық транспорт жолағы (INSTC) құрамына кіргізуді ұсынып, Өзбекстан мен Ауғанстанды көпжақты дәліз жобасына қосылуды ұсынды. INSTC – бұл Үндістанды, Иранды, Ауғанстанды, Әзербайжанды, Ресейді, Орталық Азия мен Еуропаны байланыстыратын 7 мың 200 шақырымдық мультимодальды жоба дейілген мақалада.
Жаңа экспорттық жолдарға мұқтаж болған Орталық Азия республикалары Иран Чабахориді Үндістанмен және оның 1,4 миллиард халқы бар базарымен сауда жасаудың ең жақсы баламасы, деп санауы мүмкін. Пәкістан базары 212 миллион адамды құрайды және оның жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) тұрғындардың жан басына Үндістан көрсеткішінің үштен екісін құрайды. Үндістанның технологиялық саласымен ынтымақтастық Ташкенттің 2026 жылға келіп ЖІӨ-ді жан басына шаққандағы 1,6 есе арттыру мақсатына жетуде маңызды рөл атқарады, деп қорытындылайды «The Hill».