ОРВИ: Неліктен ауру балаларда қайталанады?

    Денсаулық 5 Dekabr 2021 3669

    Міне, суық күндер басталды. Қазір маусымдық аурулардың асқынатын кезі. Мұндай дертке шалдыққандар, әсіресе, балалар арасында биыл көптеп тіркелуде.

    Солай екен, сақтық — маңызды шарт. Сонымен қатар, науқас балаларды емдеу мен күту өте жауапты үдеріс саналады. Қош, мұндай жағдайда дәрігерлердің ұсынысы қандай?

    – Өткір респираторлық ауруларды тудыратын вирустардың 200-ден астам түрі анықталды, – дейді Ташкент педиатриялық медицина институтының кафедра меңгерушісі Нигора Алиева. – Оның ішінде әсіресе балалар арасында аденовирус, грипп А тұмауы балалар арасында жиі кездесуде.

    Мұның белгілері де әртүрлі болуда. Кейбір балаларда суық тию, басқаларында төменгі тыныс жолдарының қабынуы, ал басқаларында жөтел және дене қызуы бар.

    Сондай-ақ мұндай ауруларға иммунитеті төмен ұл-қыздарда ауыр асқыну қаупі бар. Мысалы, вирус жоғарғы тыныс жолдары арқылы жұғып, бұл бронхит ауруына әкелуі мүмкін.

    Бүйрек пен жүрек қызметіне кері әсер етуі ықтималы бар. Ең жаманы, вирусты инфекциядан соң менингит пен менингоэнцефалит аурулары қалыптасып, дамуы мүмкін.

    Біздің елімізде ОРВИ 5 жасқа дейінгі балаларда жиі кездесуде. Олардың арасында сәбилер аз емес. Маманнан мұның себебін сұрадық.

    — Мұның бәрі ең алдымен салауатты өмір салтына байланысты, — дейді дәрігер. — Бала дұрыс тамақтануы, уақытында ұйықтауы, жаттығуы керек. Сонда ғана иммунитет күшейеді.

    Мысалы, 1 жасқа дейінгі балалар өздігінен жаттығу жасай алмайды. Ал ата-аналары мен тәрбиешілері оларды шынықтыру қажет. Әртүрлі массаж процедуралары, яғни массаж да бұл үдерісте өте пайдалы. Бала ағзасындағы қан айналым жүйесінің жұмысын жақсартады.

    Негізі, кіші жастағы ұл-қыздардың жылына 3-4 рет мұндай вирусты аурулармен ауру қалыпты жағдай. Бірақ ауруға шалдыққан саны емес, жазылу мерзіміне назар аудару керек. Негізгі нәтиже – аурудан кейін асқынулардың болмауы.

    Нигора Алиеваның айтуынша, науқас балаларды емдеу үздіксіз күтімді қажет етеді. Бірақ кейбір ата-аналар ауруханадан шыққан бойда балаларын балабақша мен мектепке жібереді. Адамдар көп жиналатын жерге, қонаққа апарады. Дегенмен, бұл кезде дене әлі толық қалпына келтіріліп, бұрынғы күшіне оралған жоқ.

    Осының салдарынан толық айығып қуаттанбаған бала сыртқы ортада жаңа вирусқа ұшырап, қайтадан ауырып қалуы мүмкін. Сондықтан ұл-қыздардың ауруды жеңіл деңгейде өтуі үшін ата-ананың, жақындарының қолдауы өте маңызды. Осы кезде сергек болып көбірек көңіл бөлу қажет.

    Маманмен сұхбатты Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі жүргізді.

    No date selected
    May 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates