Форумда сөз сөйлеген Осака Сауда-Өнеркәсіп Палатасы мен Осака бизнесті дамыту агенттігінің басшылары өзара тиімді ынтымақтастық үшін дайын екендігін мәлімдеп, бұл жөнінде өз жоспарларын айтты.
Өзбекстанмен ұзақ жылдардан бері тоқымашылық саласында ынтымақтастық жасап жатқан “Masui” компаниясының басшысы Чинори Токиа Ферғана мен Жапония арасындағы тоқымашылық саласында инвестициялық және экспорттық ынтымақтастықтың бар мүмкіндіктеріне ерекше тоқталып, Cotton Campaign коалициясы тарапынан Өзбекстан мақтасына бойкоттың жойылуы нәтжесінде Жапония базарында өзбек текстиль өнімдеріне үлкен қызығушылықтың артқанын атап өтті.
Бизнес-форум барысында «g2b» және «b2b» кездесулері ұйымдастырылып, оған қатысушылар біріккен кәсіпорындарды құрудың және өзара тиімді сауда келісімдерін жасаудың қаржылық-техникалық жақтарын егжей-тегжейлі әзірлеуге мүмкіндік алды.