Азия әйел-қыздар форумына дайындық істері басталды

    Үстіміздегі жылдың 2 апрелінде Олий Мажлис Сенатында Азия әйел-қыздар форумын өткізу жөніндегі Ұйымдастыру комитетінің жиналысы өтті.

    Оған Ұйымдастыру комитетінің мүшелері, сенаторлар, тиісті министрліктер мен кеңселердің басшылары, беймемлекеттік бейкоммерциялық ұйымдардың өкілдері қатысты.

    Жиналысты Олий Мажлис Сенатының Төрайымы Танзила Нарбаева жүргізді.

    Айта кету керек, бүгінде әлем экономикасында ең көп үлеске ие елдер Азия аймағында орналасқан және білім, денсаулық сақтау, ақпараттық технологиялар, экономика және тағы басқа да көптеген салалардағы жетістіктер осы елдердің қосқан үлесіне дұрыс келуде.

    Осы тұрғыдан алғанда, аймақ елдердің жетекші әйелдерінің жасампаздық әлеуетін жүзеге шығару, олардың мемлекет пен қоғам басқаруы сондай-ақ экономикадағы қатысуын одан әрі кеңейту бойынша тәжірибе алмасу мақсатында Өзбекстан Республикасының Президенті тарапынан БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-сессиясында 2024 жылы Өзбекстанда Азия әйел-қыздар форумын өткізу туралы бастамасы көтерілген еді.

    Осы мақсатта бұл конференцияны «БҰҰ-Әйелдер» құрылымымен берге ағымдағы жылдың 13-14 май күндері Самарқант қаласында өткізу туралы қаулы қабылданды.

    Форум аясында аймақтық әйел-қыздардың ғылым, білім және инновациялық қызметке қатысуы, сондай-ақ цифрлық технологияларды пайдалану, қазіргі жаһандық экономикадағы әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту арқылы кедейлікті азайту, кәсіпкерлік, көшбасшылық пен инновацияға жұмылдыру мәселелері талқыланады.

    Сонымен қатар, Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге әйел-қыздардың қатысуы мәселесі қарастырылуда. Зорлық-зомбылықтың барлық түрлерін жою, жұмыс орындарын әйелдер үшін тең және қауіпсіз етуге, жұмыс орнындағы кемсітушілік пен зорлық-зомбылықты тоқтату мәселелеріне ерекше назар аударылады.

    Сондай-ақ БҰҰ-ның Әйелдер жағдайы бойынша комиссиясының 68-сессиясы қаулыларының іс жүзінде атқарылуы, әйел-қыздардың экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту, бизнес пен қоғамда олардың қатысуын ынталандыруда парламенттердің рөлі және әйел-қыздардың құқықтық және мүдделерін қорғауда аумақтағы үкіметтік емес ұйымдардың рөлі мәселелері де қаралады.

    Мәжіліс барысында шараны өткізуге қатысты ұйымдастырушылық жақтары, форумның күн тәртібі, оның мазмұны мен шет мемлекеттер делегацияларымен екіжақты кездесулерді ұйымдастыру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.

    Форумды өткізу бойынша барлық кеңселер мен ұйымдарға міндеттер жүктелді.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates