27 Apr 2025
04:32

    Өткен жылы қоғамдық көлікте қанша банк картасы пайдаланылғаны анықталды

    Қоғамдық көлікте жол жүру ақысын төлеудің автоматтандырылған жүйесінің (АТТО) 2024 жылы бойынша нәтижелері жарияланды.

    2024 жылы қоғамдық көлікте банк карталары арқылы жасалған транзакциялар саны 146,5 миллионға жеткені атап өтілді. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 71,5 пайызға көп есептеледі.

    Банктік карталар арқылы жүзеге асырылған транзакциялар көлік карталарынан (140 млн. транзакция) асып түсті. 2023 жылы керісінше, көлік карталары басым болған еді.

    Сондай-ақ автобустардағы мобильді QR-төлемдер 177,4 пайызға, метрода QR-төлемдері 157,6 пайызға өскен. Ташкентқаласында автобустардағы транзакциялары 52,6 пайызға өскен. Метрополитенде өсу біраз төмен – 11,6 пайызды құраған.

    Жалпы, 2024 жылы қоғамдық көліктегі транзакциялар саны 38 пайызға өсіп, 510,5 миллионға жеткен.

    Ақпарат ретінде, Ташкентте 2025 жылдың 1 январынан бастап автобустарда қолма-қол ақша қабылдау тәжірибесі тоқтатылды. Нақтылай ақша арқылы автобустарда жүру үшін бекеттерге жақын жерлерге орнатылған барлық төлем құрылғылары яғни, Paynet, MultiPay және Oson инфокиосктары арқылы автобусқа бір реттік билетті қолма-қол ақшамен сатып алуға болады.

    Мы в Телеграм
    Text to speech