Бүгін, 1 апрель күні Әзербайжан Республикасы Ұлттық Мәжілісінің Төрайымы С.Гафарованың басшылығындағы делегация мүшелері Өзбекстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай құрылған «Жаңа Өзбекстан» саябағына барды.
Делегация мүшелеріне Олий Мажлис Сенаты Төрайымының бірінші орынбасары Содиқ Сафоев серік болуда.
Әзірбайжан Республикасы Ұлттық Мәжілісінің төрайымы С.Гафарова «Жаңа Өзбекстан» саябағындағы Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қойды.
Қонаққа кешенде кескінделген тарихи оқиғалардың мазмұны туралы әңгімеленді.
Аталмыш саябақтың қысқа мерзімде құрылғаны, тарихшы ғалымдармен, шығармашыл зиялылармен, ақсақалдар қауымымен және жастармен ақылдасып, «Жаңа Өзбекстан» кешенінің идеялық-сәулеткерлік шешімдеріне ерекше назар аударылғаны делегация мүшелерінде үлкен әсер қалдырды.
Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Ақпарат қызметі.