Оларды Ташкент қаласының халықаралық әуежайында Өзбекстан Республикасының Премьер-Министрі Абдулла Арипов және басқа да ресми тұлғалар күтіп алды.
Мәртебелі мейманның құрметіне екі елдің мемлекеттік тулары көтеріліп, құрметті қарауыл сап түзеді.
Сапардың басты шаралары ертең, 23 тамызда өтеді.
Сапар бағдарламасына сәйкес Ташкент қаласында Өзбекстан мен Әзірбайжан басшыларының төрағалығымен жоғары деңгейдегі келіссөздер мен Мемлекетаралық Жоғарғы кеңестің бірінші отырысын өткізу жоспарланған.
Саммиттің күн тәртібінде Өзбекстан-Әзірбайжан стратегиялық серіктестігі мен көпжақты ынтымақтастық қатынастарын одан әрі тереңдету және кеңейту мәселелері қарастырылған.
Сондай-ақ, Президенттер екі елдің бизнес өкілдерімен кездесу өткізіп, бірқатар іскерлік және мәдени шараларға қатысуы көзделген.