Өзбек әйелінің тарихымыздағы орны мен қызметі теңдесі жоқ болған

    Ел назарында 10 Avgust 2022 1972

    Олий Мажлис Сенаты, Жанұя және әйелдер мемлекеттік комитеті, Әйелдердің қоғадағы рөлін арттыру, гендерлік теңдік және жанұя мәселелері бойынша республикалық комиссиясы сондай-ақ Ғылым академиясының Тарих институтымен бірлесіп, «Өзбек әйелдерінің мемлекеттілігіміз тарихындағы орны мен қызметтері» тақырыбында ғылыми жиналыс өтті.

    Оған сенаторлар мен депутаттар, үкімет өкілдері, министрліктер мен кеңселердің, Ғылым академиясының Тарих институты, «Узархив» агенттігі, Сенат жанындағы Жастар Парламентінің мүшелері, Қарақалпақстан Республикасы, облыстар мен Ташкент қаласындағы белсенді әйелдер мен қоғамдық өкілдер қатысты.

    Конференцияны Олий Мажлис Сенатының Төрайымы – Әйелдердің қоғамдағы рөлін арттыру, гендерлік теңдік және отбасы мәселелері бойынша республикалық комиссияның төрайымы Танзила Нарбаева кіріспе сөзбен ашты.

    Бүгінде әйелдердің мемлекеттік басқару мен әлеуметтік-экономикалық үдерістерде белсенділігін арттыруға бұрынғыдан да көбірек көңіл бөлінуде.

    Атап айтқанда, Жаңа Өзбекстанның 2022-2026 жылдарға арналған даму стратегиясының 69-мақсаты «Әйелдер мен қыздарды қолдап-қуаттау, олардың қоғам өміріне белсенді қатысуын қамтамасыз ету» деп белгіленген.

    Әрине, әйелдердің әлеуметтік-саяси белсенділігін арттыру, оларды қолдап-қуаттауға бағытталған реформаларда өз көрінісін тапқан осы игі мақсаттарды жүзеге асыру, ең алдымен, үш мың жылдық өзбек мемлекеттігінің тарихында әйелдерімізге деген көзқарасын, түрлі кезеңдерде де сақталып қалған әйел-қыздарды қадірлеу мен ардақтауға байланысты ұлттық тәрбиемізді, әдеп-ғұрыпымызды және дәстүрлерімізді терең үйрену, әйелдердің өзбек мемлекеттілігі тарихындағы орны мен қызметтерін халқымыз арасында кең насхаттауды қажет етеді.

    Президент Шавкат Мирзияев ұлттық сананы тәрбиелеу, заманалық білімдерді игеруде тарих ғылымының ерекше орын алатынын үнемі айтып келеді.

    Бұрынғы кезеңде өзбек әйелдерінің мемлекеттік басқару, әскери қызмет, ел қорғанысы, меншік, құрылыс, кәсіпкерлік, демеушілік, білім беру, әдебиет, дін салаларында өзбек әйелдерінің атқарған қызметтері барша халықтарда да кездесе бермейді. Мұны соңғы бес-алты жылда қарқынды дамып келе жатқан тарихтан алынған ғылыми нәтижелер дәлелдеп отыр.

    Ұйымдастырылған көрмеде Өзбекстан Ұлттық мұрағатында сақталған сирек кездесетін құжаттарының көрмесі ұйымдастырылды. Бұл аталмыш құжаттар Бұхара әмірлігі, Қоқан және Хиуа хандықтары тұсында өмір сүрген түрлі тайпа әйелдері тарапынан медресе, мектептер қызметі, тағы басқа игі істерге атап өз байлықтарын қайырымдылыққа жұмсағанын дәлелдейді. Сондай-ақ Өзбекстан кино, фото және дыбыс құжаттары Ұлттық мұражайда сақталған фотосуреттер көрмесінде өзбек ұлттық киімдері мен зергерлік бұйымдарының фотокөрмесі, қолөнершілер, суретшілер, шығармашыл әйелдер және басқа да жұмыс барысындағы әйелдер бейнелері, мұрағат деректерде әйелдеріміздің мемлекет тарихындағы ұстанған орны мен мәртебесін құжаттық негізде көрсетіп береді.

    Шарада өзбек әйелінің қадір-қасиеті, көне материалдық дерек көздерінде көрініс тапқан әйел бейнесі, мемлекет пен қоғамды басқарудағы әйелдердің рөлі, киіну мәдениеті, ою-өрнек және олардың философиясы, Қоқан маликасы, Мың айым және оның келіні Нодира бегімнің ағартушылық, экономикалық өмірі мен мемлекет басқарудағы қызметі, түрлі дерек көздерде әйел-қыздар тарапынан әлеуметтік өмір, білім беруді дамытуда жүзеге асырылған демеушілік, жасампаздық жұмыстары жаңаша ойлайтын әйелдердің баспасөздегі көріністеріне қатысты материалдар қатысушыларда үлкен әсер қалдырды.

    Шараның қорытындысы бойынша ұсыныстар қабылданды.

    Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Ақпарат қызметі.