Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев пен Иран Ислам Республикасының Президенті Ибрагим Раиси екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайту туралы бірлескен мәлімдемеге қол қойды.

Сонымен қатар, сапар аясында үкіметтер, ведомстволар мен өңірлер деңгейінде 15 құжат қабылданды.

Олардың қатарында үкіметтер арасындағы сауда туралы келісім, Өзбекстанның техникалық реттеу агенттігі мен Иранның ұлттық стандарттар ұйымы арасындағы ынтымақтастық бағдарламасы, технологиялар мен инновациялар саласындағы ынтымақтастық жөніндегі іс-шаралар жоспары орын алған.

Бірлескен еркін экономикалық аймақтар құру, фармацевтика, көлік және транзит салаларындағы ынтымақтастық туралы меморандум қабылданды.

Сондай-ақ, спорт саласындағы ынтымақтастық бойынша бірлескен шаралар жоспары, дауларды шешу және арбитраж бойынша өзара түсіністік туралы меморандум, қайта сақтандыру саласындағы ынтымақтастық туралы факультативтік келісімге және басқа да құжаттарға қол қойылды.